Су жұмсартқышқа тұз салу – Инструкция по эксплуатации Samsung DMM770B-BWT

Страница 87

Advertising
background image

жуғыш зат пен су жұмсартқышты қолдану

_15

СУ ЖҰМСАРТҚЫШҚА ТҰЗ САЛУ

Əрқашан ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолданыңыз.
Тұз сауыты астыңғы тордың астында орналасқан жəне оны төмендегідей толтыру керек:

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды ғана пайдаланыңыз! Ыдыс жуғышқа

арналмаған басқа тұз түрлері, əсіресе, ас тұзы су жұмсартқышқа зиян келтіреді.
Жарамсыз тұзды қолдану салдарынан ақау орын алса, өндіруші ешбір кепілдік бермейді
жəне бұндай ақаулықтарға жауапкершілік көтермейді.

• Тұз сауытына толық жуу бағдарламаларының бірін қосар алдында ғана тұз салыңыз. Бұл

тұз түйірлерінің немесе тұзды судың машина түбіне төгіліп, төгілген жерінде белгілі бір
уақыт жатып тоттануды болдырмауы үшін қажет.

• Бірінші жуу циклі аяқталғаннан кейін басқару панелінің шамы сөнеді.

1. Астыңғы себетті алыңыз, содан кейін тұз сауытының қақпағын

бұрап алыңыз.

2. Сауытты алғаш рет толтырған кезде, оның 2/3 дейін су құйыңыз (шамамен 500 мл).

3. Құйғыштың (бірге жеткізіледі) ернеуін тесікке кіргізіп, шамамен

1,2 кг тұз қосыңыз. Тұз сауытынан аздап су төгілуі мүмкін, бұл
қалыпты жағдай.

4. Қақпағын орнына мықтап бұраңыз.
5. Əдетте тұз индикаторының шамы тұз сауытына тұз салынғаннан кейін 2-6 күн өткенде сөнеді.

• Тұз сауытын басқару панеліндегі тұз индикаторы жанған кезде қайта толтыру керек. Тұз

сауыты жеткілікті толған жағдайда да, тұз индикаторы тұз əбден еріп біткенше сөнбеуі
мүмкін.
Егер басқару панелінде тұз индикаторы жоқ болса, тұз сауытын ыдыс жуғыш машина
орындаған жуу циклдарына қарап (келесі сызбаға қараңыз) толтыруға болады.

• Егер тұз төгіліп қалса, алдын ала жуу циклін қосып тазалау керек.

03
жуғыш

за

т пен
су

жұм
са

ртқышты

қо

лдану

Ашу

Ашу

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec5:15

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec5:15

2012-09-28

10:40:12

2012-09-28

10:40:12

Advertising