Жуу бағдарламалары, Құрылғыны іске қосу, Бағдарламаны өзгерту – Инструкция по эксплуатации Samsung DMM770B-BWT

Страница 97: Ыдыс қосып салу

Advertising
background image

жуу бағдарламалары

_25

жуу бағдарламалары

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ

Жуу циклін бастау...
1. Астыңғы жəне үстіңгі себеттерді тартып шығарыңыз да, ыдыс-аяқты салып, орнына қайта

итеріңіз. Ыдыстарды əуелі астыңғы себетке, содан кейін үстіңгі себетке салуды ұсынамыз
(“Ыдыс жуғыш машинаға ыдыс салу” тарауын қараңыз).

2. Жуғыш заттан салыңыз (“Тұз, жуғыш зат жəне шайғыш зат” тарауын қараңыз).
3. Ашаны розеткаға сұғыңыз. Электр қуаты 220-240 В АТ 50 Гц, розетканың техникалық

сипаттамасы 12 A 250 В АТ. Су құятын шүмекті шегіне дейін ашыңыз.

4. Есікті ашыңыз, Қуат түймешігін басыңыз, сонда бейнебет шамы жанады. ‘PROG’ түймешігін

басып,"Қажетті циклді" таңдау үшін параметрді (FLEX жуу, 3 in 1 немесе кешіктіріп бастау)
басыңыз. (Мына тарауды қараңыз: “Жуу циклінің кестесі”.)

Цикл орындалмай тұрған кезде, Қуат түймешігін еппен түрту арқылы тоқты ажырата аласыз.
Цикл орындалып тұрғанда, тоқты ажырату үшін Қуат түймешігін 3 секунд басу керек.
Есік жабылған кезде ешбір түймешік белсенді қалыпта тұрмайды.

5. Сəл ғана күшпен итеріп, есікті дұрыс жабыңыз.

Есік дұрыс жабылған кезде сырт еткен дыбыс шығуға тиіс.

6. Жуып болғаннан кейін Қуат түймешігін басып сөндіруге болады.

БАҒДАРЛАМАНЫ ӨЗГЕРТУ

Шарты : Орындалып тұрған цикл басталғаннан бері көп уақыт өтпесе ғана өзгертуге болады.
Əйтпесе, жуғыш зат əлдеқашан құйылып, құрылғыдағы ыдыс жуылған су əлдеқашан төгілген
болуы мүмкін. Бұндай жағдайда, жуғыш зат үлестіргішке қайта жуғыш зат салу керек (“Жуғыш
затты салу” тарауын қараңыз).
Есікті ашыңыз, бағдарламаны біржола тоқтату үшін PROG. (БАҒД.) түймешігін үш секундтан
артық басыңыз, содан кейін бағдарламаны қажетті цикл параметріне қоюға болады ("Жуу циклін
бастау..." тарауын қараңыз). Содан кейін есікті жабыңыз.

Есікті жуу циклі кезінде ашсаңыз, машина кідіреді. Есікті жапқан соң, машина 10 секундтан
кейін жұмысын жалғастырады.

Есікті ашқан кезде 6 бағдарлама шамы ыдыс жуғыш машинаның қалып-күйін көрсетеді:
a) Барлық бағдарлама шамдары сөндірулі → күту режимі
b) Бір бағдарламаның шамы қосулы → үзіліс

Егер барлық шамдар жыпылықтай бастаса, машинада ақау барын көрсетеді, қызмет
көрсету орталығына хабарласпай тұрып машинаны тоқтан ажыратыңыз жəне су берілімін
тоқтатыңыз.

Ыдыс қосып салу

Ұмыт қалған ыдысты кез келген уақытта, жуғыш зат үлестіргіші ашылмай тұрып қосып
салуға болады.
1. Жуу циклін тоқтату үшін есікті сəл ашыңыз.
2. Бүріккіш түтіктер жұмыс істеуін тоқтатқан кезде, есікті толық ашуға болады.
3. Ұмыт қалған ыдыс-аяқты салыңыз.
4. Есікті жабыңыз, он секундтан кейін ыдыс жуғыш машина жұмыс істейді.

ЕСКЕРТУ : Жуу циклі кезінде есікті ашу қауіпті, себебі ыстық суға күйіп қалуыңыз
мүмкін.

05
жуу

бағдар

лам

алары

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec7:25

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec7:25

2012-09-28

10:40:18

2012-09-28

10:40:18

Advertising