Жуғыш зат пен су жұмсартқышты қолдану – Инструкция по эксплуатации Samsung DMM770B-BWT

Страница 90

Advertising
background image

18_

жуғыш зат пен су жұмсартқышты қолдану

жуғыш зат пен су

жұмсартқышты қолдану

ЖУҒЫШ ЗАТТЫҢ ФУНКЦИЯСЫ

Химиялық заттардан тұратын жуғыш заттар, кір-қоқыстарды тазалап, ыдыс жуғыш машинадан
шығару үшін қажет. Сатудағы жуғыш заттардың көпшілігі осы мақсатта қолдануға жарайды.

ЕСКЕРТУ : Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш зат жеміргіш болады! Оны балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Жуғыш затты дұрыс қолдану
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз. Жуғыш заттарды
ескіртпей, құрғақ күйде сақтаңыз. Ыдысты жууға дайын болмасаңыз, ұнтақ жуғыш затты
үлестіргішке салмаңыз.

Жуғыш концентрат

Химиялық құрамына қарай ыдыс жуғыш машинада қолданылатын жуғыш заттарды екі
негізгі түрге бөлуге болады:
жеміргіш құраластардан тұратын, сілті негізінде жасалған дəстүрлі жуғыш заттар
сілтісі аз, табиғи ферменттен тұратын жуғыш зат концентраты
“Қалыпты” жуу бағдарламаларын жуғыш концентратты қолданып іске қосқанда,
қоршаған ортаға келетін зиян азаяды жəне ыдыстарға да жақсы; бұл жуу
бағдарламалары жуғыш концентраттың құрамындағы қоқысты ерітетін ферменттердің
сипатына арнайы негізделіп жасалған. Осы себепке байланысты жуғыш концентрат
қолданылатын “қалыпты” жуу бағдарламалары, “қарқынды” бағдарламаларды
қолданғанда қол жеткізуге болатын нəтижеге қол жеткізе алады.

Жуғыш таблеткалар

Əр түрлі өндірушілер өндірген жуғыш таблеткалардың еру уақыты да əр түрлі болады.
Сол себепті, қысқа жуу бағдарламалары қолданылғанда, кейбір жуғыш таблеткаларды
пайдалану күткен нəтижеге жеткізбейді. Сондықтан, жуғыш таблеткаларды қолданғанда,
жуғыш заттардың қалдықтарын əбден кетіру үшін ұзақ мерзімдік жуу бағдарламаларын
қолданыңыз.

Жуғыш зат үлестіргіші

Сауытты əр жуу циклін бастамай тұрып, “Жуу циклінің кестесіндегі” нұсқауларға сай
толтыру қажет. Ыдыс жуғыш машинаңыз əдеттегі ыдыс жуғыш машиналарға қарағанда,
жуғыш зат мен шайғыш затты аз тұтынады. Əдетте қалыпты толтырылған ыдыс жуғыш
машинаға тек бір ас қасық жуғыш зат салынады. Сонымен қатар, қатты ластанған ыдыс-
аяқты жуу үшін көбірек жуғыш зат қажет. Жуғыш затты əрқашан ыдыс жуғыш машинаны
іске қосардың алдында ғана салыңыз, əйтпесе жуғыш зат дымқылданып, дұрыс ерімеуі
мүмкін.

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec5:18

DM-M770B_01306B-02_KZ.indd Sec5:18

2012-09-28

10:40:13

2012-09-28

10:40:13

Advertising