Ыдысжуғыш машинаның жұмыс тәртібі – Инструкция по эксплуатации haier DW9-TFE3

Страница 67

Advertising
background image

27

Ыдысжуғыш машинаның жұмыс тәртібі

Құрылғының жалпы жағдайы

Машинаның ішінде майлы дақтар немесе қақ түзілмегенін

тексеріңіз.
Ластанғанын байқаған жағдайда ыдысжуғыш машинаны

жуғыш зат ерітіндісімен мұқият тазалаңыз.
Тұздың жоқтығын көрсететін «I» индикаторына назар

аударыңыз. Қажет жағдайда тұз салыңыз.
Шайғыш заттың жоқтығын көрсететін, беткі панельде

орналасқан «Н» индикаторына назар аударыңыз. Қажет

жағдайда шайғыш зат құйыңыз.

Сүзгілер

«7» и «8» сүзгілер ірі тамақ түйірлерінің сорғыға түсуіне

жол бермейді. Кейде бұл түйірлер сүзгілерді бітеп қалады.
Машина жұмысын аяқтағанда, сүзгілердің жайын тексеріңіз

және қажет жағдайда оларды тазалаңыз.
«7» өрескел тазалау микросүзгісін бұрағанда, «9» сүзгісін

де шешуге болады. Тамақ қалдықтарын алып тастаңыз

да, сүзгілерді су ағынының астында жуып алыңыз.
«8» сүзгісін орнына қойыңыз да, өрескел тазалау

микросүзгісін бұраңыз.

Бүріккіш күйентелер

Әк пен тамақ қалдықтары «9» и «10» бүріккіш күйентелердің

сұйық құятын құрылғыларын бітеп тастауы мүмкін.
Бүріккіш күйентелердің сұйық құятын құрылғыларының

саңылауларын тамақ қалдықтары бітеп тастамағанын

тексеріңіз.
Қажет жағдайда төменгі «10» күйентесін жоғары тартыңыз

да, шешіп алыңыз.
Екі күйентені де су ағынының астында жуып алыңыз.
Күйентелерді қайтадан орнына бекітіңіз. Төменгі

күйентенің орнына түскеніне, ал жоғарғы күйентенің берік

бұралғанына көз жеткізіңіз.

Advertising