Ыдыстарды машинаға салу тәртібі – Инструкция по эксплуатации haier DW9-TFE3

Страница 55

Advertising
background image

15

Ыдыстарды машинаға салу тәртібі

Ыдыстарды машинаға салар алдында келесі қарапайым

сақтық шаралары анағұрлым тиімді жууды қамтамасыз

етеді және Сіздің ыдысжуғыш машинаңыздың қызмет ету

мерзімін ұзартады. Ыдысты тамақтың ірі қалдықтарынан

тазартыңыз, мейлінше кір кастрюльдер мен табаларды

суға салып қойыңыз. Ыдыстарды машинаға салғаннан

кейін сұйық құятын құрылғысы бар айналмалы қалақтарды

ыдыстардың тосқауыл болмауын тексеріңіз. Шыны

аяқтар мен стақандарды бірінің ішіне бірін салмаңыз,

тарелкалардың бір-біріне тимеуін тексеріңіз.

Ыдыстарды машинаға салмас бұрын

Ыдыстарды себеттерге салар алдында сүзгілердің бітеліп

қалуы мен жуу тиімділігін азайтудан аулақ болу үшін

ыдысты тамақ қалдықтарынан тазартыңыз. Қатты кірлеген

кастрюльдер мен табаларды машинаға салмас бұрын суға

салып қою ұсынылады. Ыдыстарды машинаға мейлінше

ыңғайлы етіп салу үшін себеттерді суыруға болады.

Ыдыстарды өте ыңғайлы және нық орналастыру үшін,

үстіңгі себет дөңгелектердің көмегімен биіктігі бойынша

реттеледі.
Үстіңгі себеттегі шалқаймалы таяқшалар ұзын сирақты

бокалдарды нық бекітуге арналған, қажет жағдайда ол

шешіледі.

Астыңғы себетке салынатын ыдыстар

Астыңғы себетке мейлінше кірлеген ыдыстарды,

кастрюльдерді, қақпақтарды, ұсақ және шұңғыл

тарелкаларды, сондай-ақ, шыны аяқтарды, кофе шыны

аяқтарын, стақандарды орналастыруды ұсынамыз

(суретте салу мысалдары келтірілген).

Үлкен табақтар мен қақпақтар себеттің қырларына

орналастырылады.
Кастрюльдер, салат ыдыстары әрқашан төңкеріліп

салынуы тиіс.
Өте терең ыдыс еңкейтіліп қойылады, сонда су жақсы

ағып, тиімді жууға мүмкіндік жасайды.
Стақандар мен шыны аяқтар, суретте көрсетілгендей,

төңкеріліп орналастырылады.

Advertising