Сақтық шаралары – Инструкция по эксплуатации haier DW9-TFE3

Страница 44

Advertising
background image



11. Ыдысжуғыш машинаны орнатқанда желі ашасын

қолжетімсіз қылып тастамаңыз.

12. Құрылғының су алуға арналған пластик корпусында

электрлік клапан бар. Су алатын түтік ішінен

жалғайтын сымдар өтеді. Түтікті кеспеңіз және

корпусты суға салмаңыз.

13. Ыдысжуғыш машинаны тек ересектер және тек үй

шаруашылығында пайдаланылатын ыдыстарды жууға

пайдалану керек. Машинаны жалаңаяқ не ылғал

қолмен ұстамаңыз.

14. Машина нашар жұмыс істеген жағдайда немесе

техникалық қызмет көрсеткенде машинаны электр

желісінен ажыратыңыз (ашаны розеткадан суырыңыз).

15. Балаларды ыдысжуғыш машинаға арналған жуғыш

заттарға олар ашық болған кезде жолатпаңыз.

16. Машинаны ешқашан ашық аспан астында, тіпті қалқа

астында да орнатуға болмайды және атмосфера

әсеріне ұшырауы мүмкін жерлерде қалдыру аса қауіпті

болып табылады.

17. Ыдыс жуу циклі барысында және одан ол

аяқталғаннан кейін қыздырғыш элементке тиіспеңіз.

18. Ашық тұрған қақпаққа сүйенбеңіз және отырмаңыз.

Ыдысжуғыш машинаны төңкеріп тастауыңыз мүмкін.

19. Ақаулық пайда болған жағдайда су келетін шүмекті

жауып, ашаны қабырғадағы розеткадан суырыңыз.

Одан кейін «Ақаулықтарды табу және жою» тарауынан

ақаулықтың туындау себебін табуға тырысыңыз,

ал егер шешімін таба алмасаңыз, қызмет көрсету

орталығының мамандарына хабарласыңыз.

20. Машинаны утилизацияламас бұрын қуат көзінің

кабелін кесіп тастап, қақпақ ілмегін шешу керек.

21. Ыдысжуғыш машина суын ішуге болмайды.
22. Ыдысжуғыш машинаға еріткіштердің түсіп кетуіне жол

бермеңіз. Оларды пайдалану жарылысқа апарып

соқтыруы мүмкін. Машина жұмыс істеп тұрғанда

қақпақты абайлап ашыңыз, – себебі сыртқа су

шашырауы мүмкін.

Отбасыңызда балалар болса

Құрылғы балалардың, дене және интеллектуалдық

мүмкіндіктері шектеулі немесе сезім мүшелерінде

кемшіліктері бар адамдардың, сондай-ақ, білімі

не тәжірибесі жеткіліксіз адамдардың қолдануына

арналмаған, ерекше жағдайға басқа адамның

бақылауымен пайдалану немесе одан ыдысжуғыш

машинаны пайдалану жөніндегі нұсқауларды алу жатады.
Балалардың машинамен ойнамауын қадағалаңыз.
Жуғыш заттарды балалардан аулақ жерде сақтаңыз.

Балаларды ашық тұрған ыдысжуғыш машинаға

жолатпаңыз.


Сақтық шаралары

Advertising