Ыдысжуғыш машинада нелерді жууға болмайды – Инструкция по эксплуатации haier DW9-TFE3

Страница 58

Advertising
background image



Ыдысжуғыш машинада нелерді жууға болмайды

Ыдысжуғыш машинада төмендегілерді жууға

болмайды:

• тұтас немесе ішінара ағаштан жасалған ыдыстар мен

ас үй құралдарын, себебі олардың бояуы кетіп, өңін

жоғалтады. Бұған қоса, ағаш ыдыстарды жасағанда

қолданылатын желім ыдысжуғыш машина жұмыс

істейтін температураға шыдамайды.

• Нәзік декорациялық шынылар мен вазалар, әсіресе,

ежелгі және сирек фарфор. Бұндай ыдыстар

ыдысжуғыш машинада жууға төзімсіз.Бұл қатарға

ыстыққа төзімділігі жеткіліксіз пластмассадан жасалған

ыдыстар мен жез және қалайы ыдыстар да жатады.

Шыны, керамикалық, алюминий және күміс ыдыстардағы

салынған не бастырылған өрнектер ыдысжуғыш

машинада жуылғаннан кейін күңгірттенеді немесе өңін

жоғалтады.

• Шынының кейбір түрлері ыдысжуғыш машинада көп рет

жуылғаннан кейін күңгірттенеді. Ыдысжуғыш машинаға

губкалар мен орамалдар сияқты суды жақсы сіңіретін

материалдарды салуға мүлде болмайды.

Кеңес береміз:

Келешекте тек ыдысжуғыш машинада жууға арналған

ыдыстар мен әбзелдерді сатып алыңыз.

Маңызды:

Ыдысжуғыш машинаға темекі күлімен, балауызбен,

техникалық майлар мен бояулармен былғанған ыдыстар

мен ас үй құралдарын салуға болмайды.

Шыны немесе өзге ыдыстардың бүлінуі

Ықтимал себептері:

шыны түрі немесе өндіру тәсілі
жуғыш заттың химиялық құрамы
судың температурасы мен бағдарламаның ұзақтығы.

Мәселені шешуге ұсынылатын тәсіл

Өндірушінің «ыдысжуғыш машинаға жарамды»

деген белгісі бар шыны және фарфор ыдыстарды

пайдаланыңыз.
«Аяғыш» саналатын жұмсақ жуғыш заттарды

пайдаланыңыз. Мейлінше нақтырақ ақпаратты жуғыш

заттар өндірушісінен алыңыз.
Мүмкіндігінше бағдарламаны қысқарақ, төмен

температурамен таңдаңыз.
Ыдыстар мен ас үй құралдары зақымдалмас үшін,

бағдарлама аяқталған соң оларды ыдысжуғыш

машинадан бірден шығарып алыңыз.



Advertising