Тұз қосу – Инструкция по эксплуатации haier DW9-TFE3

Страница 51

Advertising
background image



Тұз қосу

Судың кермектігі өңірге байланысты өзгеріп отырады.

Кермек суды пайдаланғанда ыдыста немесе басқа да

заттарда ақ түсті қақ пайда болады.
Бұйым судың құрамында болатын әк пен минералдарды

жоюға арналған ерекше тұз қолданылатын тазартқышпен

жабдықталған.

Тұзға арналған контейнерді толтыру

Тек қалыпқа келтіретін, ыдысжуғыш машиналарға

арналған арнайы тұзды ғана пайдаланыңыз.
Тұзға арналған контейнер астыңғы себетте орналасқан.

Толтыру төмендегідей жолмен іске асырылады:

Тұзды «I» индикаторы жанған кезде ғана қосу қажет.

I

Астыңғы себетті алыңыз, теріс қаратып, тұзға арналған

контейнердің қалпақшасын шешіңіз.
Егер контейнерді алғаш рет толтырғалы тұрсаңыз, оған

су құйыңыз (келесі реттерде мұның қажеті жоқ).
Контейнердің саңылауына воронканы (жеткізілім

жиынтығына енеді) қойыңыз да, оған шамамен 2 кг тұз

салыңыз. Контейнерден шамалы су ағуы мүмкін, бұл –

қалыпты жағдай.
Қалпақшаны мұқият бұраңыз.

!

Назар аударыңыз! Әк шөгінділері мен

тат болдырмау үшін, тұзды жуу циклінің

алдында салуды кеңес етеміз!

Advertising