Ыдысжуғыш машинаның жұмыс тәртібі – Инструкция по эксплуатации haier DW9-TFE3

Страница 60

Advertising
background image

20

Ыдысжуғыш машинаның жұмыс тәртібі

Бағдарламаларды таңдау

Мейлінше ыңғайлы бағдарламаны ыдыстардың, ас

үй құралдарының түрлерін, кірлеу дәрежесін Жуу

бағдарламасын таңдау бойынша нұсқаулықта көрсетілген

ақпаратпен салыстыру жолымен таңдауға болады.

Бағдарламалардың белгілері кестенің сол жақ бөлігінде.
Егер ыдысжуғыш машинаға ыдыс аз салынса,

бағдарламаны төмен температуралы сумен таңдау

жеткілікті болады.
Бағдарламалардың сипаттамасында көрсетілген

мәліметтер стандартты жағдайларға сәйкес келеді.
Өзгешеліктердің болуы төмендегілерге байланысты:
• Ыдыс саны
• Су құбырынан алынған судың температурасы
• Су құбырындағы судың қысымы
• Сыртқы температура
• Электр желісі кернеуінің ауытқулары

Ыдысжуғыш машинаны қосу

• Машинаға ыдыстарды салғаннан кейін қақпағын

жабыңыз

• Ыдысжуғыш машинаны «В» түймешігін басып қосыңыз.

Қосылғанда «А» индикаторы жанады.

• Бағдарламаларды таңдағыштың құлағы «J»-ді қажетті

бағдарламаны таңдау үшін бұрыңыз. Қалған уақытты

көрсететін индикатор Сіз таңдаған бағдарламаның

орындалуы үшін қажетті уақытты көрсетеді. Үш

секундтан соң машина қысқа дыбыстық белгі береді де,

бағдарламаны орындауды бастайды. «А» индикаторы

жыпылықтай бастайды.

!

Назар аударыңыз!

Егер ыдысжуғыш машина қосулы кезде

таңдалған бағдарламаның орындалуы

мүмкін болмаса, онда Бағдарламаларды

таңдағыштың құлағы «J»-ді «RESET»

күйіне бұрыңыз, содан соң қажетті жуу

бағдарламасын қайта белгілеңіз.

Advertising