Ыдысжуғыш машинаны орнату – Инструкция по эксплуатации haier DW9-TFE3

Страница 46

Advertising
background image

6

Ыдысжуғыш машинаны орнату

Құрылғының орналасуы

Ыдысжуғыш машинаны таңдаған орныңызға

орналастырыңыз. Машинаның артқы панелі қабырғаға,

ал бүйірлері жақындағы шкафтарға немесе қабырғаға тиіп

тұруы керек. Машинаның су беруге арналған түтігі және

сусіңгіш түтігі бар, оларды оң не сол жақтан орналастыруға

болады.

Құрылғыны орналасуын түзулеу

Машинаны орналастырғаннан кейін аяқтарының биіктігін

(ішке не сыртқа бұрау арқылы) реттеңіз. Бұл – құрылғыны

көлденең тұрысын теңестіруге көмектеседі. Қалай

болғанда да машина 2°-тан артық қисаймауы тиіс.

Ыдысжуғыш машина тең тұрғанда жақсы жұмыс істейді.

Суық су беру

Су жүргізетін құбырларға қосу үшін Сізге

мамандандырылған қызмет көрсету ұйымдарына

хабарласуды ұсынамыз.
Ыдысжуғыш машина су құбырына тек машинамен бірге

берілетін түтік арқылы жалғануы керек. Басқа түтіктерді

қолданбаңыз. Су беретін түтікті 3/4 дюймдік бұрандалық

саңылауы бар суық су шүмегіне бұраңыз. Түтіктің нығыз

бұралғанына көз жеткізіңіз (1-суретті қараңыз).

Егер су жүргізетін түтік жаңа болса немесе ұзақ уақыт

бойы пайдаланылмаған болса, қоспас бұрын суды

ашып, таза әрі мөлдір болғанша түтік арқылы айдаңыз.

Егер осындай сақтық шарасын қолданбаса, су беретін

саңылаудың бітеліп қалу қаупі бар, бұл жағдай

ыдысжуғыш машинаңыздың зақымдалуына алып келуі

мүмкін.

1

Advertising