Ыдысжуғыш машинаның жұмыс тәртібі – Инструкция по эксплуатации haier DW9-TFE3

Страница 64

Advertising
background image

24

Ыдысжуғыш машинаның жұмыс тәртібі

Жад функциясының модулі

Егер Сіз ыдысжуғыш машинаны «ON/ OFF» түймешігін

басып сөндірсеңіз немесе ол жұмыс істеп тұрғанда

желідегі үзілістің себебінен өшіп қалса, таңдалған

бағдарлама өзгермейді. Микропроцессор таңдалған

бағдарлама туралы «жадында сақтап қалады». Машина

қайта қосылғанда, бағдарлама үзілген сәтінен бастап

қосылады.

Таблеткалар

«Classic» арнайы таблеткаларын пайдаланған кезде

ыдысжуғыш машинаға тіпті ең кір ыдысты салуға болады.

Таблетканың құрамына дақтарды кетіруге арналған, лезде

еритін және тамақтың кепкен қалдығын, мысалы, кепкен

жұмыртқа мен ірімшік соустарын, жұмсартатын құралдар

кіреді. Бұдан соң таблетканың тамақ қалдығын ерітіп және

кетіретін көк қабаты әрекет етеді. Ақ қабаты кірдің ізін

қалдырмайды, ыдысқа жарқырау мен тазалық сыйлайды.
Артықша нәтижелерге қол жеткізу үшін ыдысжуғыш

машинаға арналған шайғыш зат пен тұзды пайдаланыңыз.
Қолдануы: жай ғана орауын ашыңыз да, таблетканы

жуғыш затты мөлшерлеуішке салыңыз. Артықша

нәтижелерге қол жеткізу үшін ыдысжуғыш машинаға

арналған шайғыш зат пен тұзды пайдаланыңыз.

«3-еуі 1-еуде» таблеткалары

Тиімді тазарту формуласының арқасында «3-еуі 1-еуде»

таблеткалары кеуіп қалған дақтарды жақсы кетіреді.

Ыдысты екінші қайтара жуудың қажеті жоқ!
Таблетканың көк қабатының құрамында күшті әсер ететін

жуғыш зат бар, заттың қызыл бөліктері тамақтың қатып

қалған қалдықтарын жұмсартады және ерітеді.
Тұздың қызметін атқаратын ақ қабат суды жұмсартады, әк

шөгінділерін болдырмайды және бұған қоса кірдің ізін де

қалдырмайды.
«3-еуі 1-еуде» таблеткаларының құрамына ыдысқа дақсыз

және айғызсыз жарқырау сыйлайтын шайғыш шары кіреді.
«3-еуі 1-еуде» таблеткаларындағы ингредиенттердің

қатынасы көп ойланбайтындай, түрлі құралдардың

мөлшерін артық не кем қылудан сақтанып, өлшемейтіндей

мұқият тексерілген.
Қолдануы: бір таблетканы жай ғана ашыңыз да,

жуғыш затты мөлшерлеуішке салыңыз. Тұз бен шайғыш

затты қосымша қолданудың қажеті жоқ. «3-еуі 1-еуде»

таблеткаларының құрамындағы тұз 26° температурадағы

жұмсақ, орташа және кермек суда пайдалануға тиімді (95%

жағдайларда бұл толық жеткілікті).

Advertising