Сақтық шаралары – Инструкция по эксплуатации haier DW9-TFE3

Страница 43

Advertising
background image

3

Сақтық шаралары

Ыдысжуғыш машинаңыз халықаралық қауіпсіздік

нормаларына сай жасалған. Бұл нормалар Сізді және

отбасыңызды қорғайды. Осы нұсқаудағы ескертулерді

мұқият оқып шығыңыз, себебі олар – монтаждау, пайдалану

және техникалық қызмет көрсету жөніндегі маңызды

сақтандырулар. Берілген ескертулермен танысу Сізді

келеңсіздіктерге ұшыраудан сақтайды және ыдысжуғыш

машинаны келешекте қолдануды қауіпсіз етеді.
Осы ыдысжуғыш машина Еуропалық

қауымдастықтың келесі директиваларының

талаптарына сай келеді.
• 73/23/CEE (Төмен кернеу) кейінгі өзгерістермен
• 89/336/CEE (Электромагниттік сыйысымдылық) кейінгі

өзгерістермен

• 97/17/CE (Таңбалау)

1. Ыдысжуғыш машина мен орауын тасымалдау

барысында зақымдалған-зақымдалмағанын тексеріңіз.

2. Орауын абайлап алыңыз.
3. Орауын алғаннан кейін машинаның

зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Егер күмәніңіз

болса, білікті маманға немесе сауда ұйымына

хабарласыңыз.

4. Орау материалдарының барлығын қажеттті жолмен

утилизациялаңыз.

5. Орнату барысында ыдысжуғыш машинаны орнату

жөніндегі нұсқауға сәйкес орналастырыңыз және

орнатыңыз.

6. Орнату барысында машинаны электр желісіне қосуға

болмайды.

7. Үйдегі барлық өткізгіштер тұйықталған болуы тиіс.
8. Электр қуатымен жабдықтау ыдысжуғыш машинаның

паспорттық жапсырмасында көрсетілген талаптарға

сай болуы керек.

9. Ыдысжуғыш машинаны электр желісіне қосқанда

ұзартқыштар мен жалғастырғыш тетіктерді

қолданбаңыз. Егер электр қуат көзі кабелінің

ұзындығы жеткіліксіз болса, ұзындығы сай келетін

кабельге ауыстырыңыз. Қуат көзі кабелінің бүгіліп не

қауіп туғызатындай басылып қалмауы керектігін естен

шығармаңыз.

10. Қондырылатын ыдысжуғыш машиналардың мейлінше

орнықты болуы үшін оларды жапсарлас орналасқан

ас үй жиһызының аяқтарына бекітілген, тұтас үстелдің

үстіңгі тақтайының астына орнату керек.

Advertising