Ыдысжуғыш машинаны орнату – Инструкция по эксплуатации haier DW9-TFE3

Страница 48

Advertising
background image



Ыдысжуғыш машинаны орнату

Төгу түтігін жалғау

Диаметрі 40 мм-ден кем емес су ағатын құбырға

сусіңгіштүтікті қойыңыз немесе оны ыдыс-аяқ жуатын

шұңғылаға салыңыз. Түтікті бүкпеңіз және қыспаңыз.

Қажет болған жағдайда түтікке арнайы бекіткіш көмегімен

сифонды (U-тәрізді иін, суретте «А» ретінде көрсетілген)

бекітіп қойыңыз.Түтіктің бос 40 және 100 см аралығындағы

биіктікте болуы керек. Түтікті ешбір жағдайда суға

салмаңыз.

3

Электр желісіне қосу

Электр желілеріне қосу үшін Сізге мамандандырылған

қызмет көрсету ұйымдарына хабарласуды ұсынамыз.

!

Назар аударыңыз! Ыдысжуғыш машина

міндетті түрде жерге тұйықталуы тиіс!

Үйіңіздің электр желісінің кернеуі мен жиілігі паспорттық

жапсырмадағы (қақпақтың ішкі жағында тот баспайтын

болаттан жасалған) мәндерге сәйкестігіне көз жеткізіңіз

және дұрыс тұйықталған розеткаға ашаны енгізіңіз.

Егер аша розеткаға сай келмесе, сымды толығымен

ауыстырыңыз, алайда жалғастырғыш тетіктер мен

адаптерлерді қолданбаңыз, олар қызу мен тұтануға

себепкер болуы мүмкін.

Ескерту:

Ыдысжуғыш машинаның ашасына қол жеткізу оңай болу

керек, тіпті машина жиһазға қондырылған болған жағдайда

да. Кері жағдайда техникалық қызмет көрсету қауіпті

болады.

Конденсаттан қорғайтын пленка

Жеткізілетін жинаққа пластиктен жасалған (өзі

желімденетін) конденсаттың пайда болуынан қорғайтын

бау кіреді. Конденсаттың пайда болуынан қорғау үшін оны

ас үйдегі ағаштардың астынан жапсырады.

Advertising