Ыдысжуғыш машинаның жұмыс тәртібі – Инструкция по эксплуатации haier DW9-TFE3

Страница 66

Advertising
background image

26

Ыдысжуғыш машинаның жұмыс тәртібі

Ыдысжуғыш машинаны қалай жақсы күйде

ұстауға болады

Күтім мен профилактика жөніндегі кейбір ережелерді

сақтау Сіздің ыдысжуғыш машинаңыздың дұрыс және

сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Әр жуудан кейін
Әр жуудан кейін суіркуіш шүмекті жабыңыз да, ылғал мен

жағымсыз иістер пайда болмас үшін, машинаның қақпағын

ашық күйде қалдырыңыз.

Розеткадан ашаны суырыңыз
Машинаға қандай да бір тазалау немесе күтім жасардың

алдында әрдайым штепсель ашасын желі розеткасынан

суырыңыз: сонда Сізге ешқандай қауіп төнбейді.

Ешқандай еріткіштерді немесе абразивті құралдарды

қолданбаңыз!
Ыдысжуғыш машинаны сыртынан жуу немесе оның

резеңке бөліктерін тазалау үшін еріткіштер мен абразивті

жуғыш құралдарды пайдалануға әуес болмаңыз.

Тек жылы суға малынған шүберекті, сабынды ғана

пайдаланыңыз. Қабырғаларында дақтардың пайда

болуынан аулақ болу үшін, аз мөлшердегі ақ сірке суы

немесе ыдысжуғыш машинаның күтіміне арналған арнайы

құрал қосылған суға малынған шүберекті қолданыңыз.

Сіз демалысқа кетіп барасыз ба?
Демалысқа кетер алдында төмендегілерді орындауды

кеңес етеміз:
• бір рет ыдыссыз жуу циклін жүргізіңіз;
• суіркуіш шүмекті жабыңыз;
• қақпақты ашыңқырап қалдырыңыз.
Сонда аралық қабаттың қызмет ету мерзімі ұзарады, ал

машинаның ішінде жағымсыз иістер болмайды.

Қоныс аудару жағдайында
Машинаны тасымалдау кезінде оны тіке күйде қоюға

тырысыңыз. Өте қажет жағдайда машина артқы қабырғаға

бекітілуі мүмкін.

Тығыздағыштар
Машинаның ішінде иістің пайда болуының бір себебі –

сүзгілер мен тығыздағыштарда тамақ қалдықтарының

тұрып қалуы. Оларды уақ-уақ сірке қышқылымен тазартып

тұру немесе ішіне арнайы өткір иіс жеткілікті. Оларды уақ-

уақ ылғал губкамен тазартып тұру жеткілікті.

Advertising