Техникалық күтім және қызмет – Инструкция по эксплуатации Bosch PKS 40

Страница 55

Advertising
background image

Қaзақша | 55

Bosch Power Tools

1 609 92A 06F | (11.4.13)

Параллельді тірек бар аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тірек 10 дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.

Құлақты бұранданы 7 жіберіңіз және параллельді тірек 10
шкаласын бағыттауыш бойымен тірек тақтасына 13
орнатыңыз. Сәйкес аралау бұрышының белгісінің 9
көмегімен шкалада қажет енді орнатыңыз немесе 8
„Аралау бұрышының белгілері“ тарауын қараңыз. Құлақты
бұранданы 7 қайтадан берік бекітіңіз.

Қосымша тірекпен бірге аралау (E суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны немесе
рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны тірек
тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен жүргізуге
болады.

Бағыттауыш рейка көмегімен аралау (G суретін
қараңыз)
Бағыттауыш рейканың 28 көмегімен түзу сызықпен
аралауды орындауға болады.

Тұтқыр бағыттауыш сырғануының алдын алып, дайындама
бетін қорғайды. Бағыттауыш қаптамасы электр құралының
оңай жылжуына мүмкіндік береді.

Бағыттауыш рейканың резеңке жиегі ағашты аралау
кезінде материалдың шығып кетуін болдырмайды. Бұл
үшін аралау дискісі тікелей резеңке жиекке тістерімен
тақалып тұруы керек.

Бағыттауыш 28 араланатын дайындама шетінен
шығуы мүмкін емес.
Бағыттауышпен 28 жұмыс істеу үшін бағыттауыш адаптері
27 қажет болады. Бағыттауыш адаптері 27 параллельді
тірекпен 10 орнатылады.
Бағыттауышпен 28 нақты кесіктерді орындау үшін
төмендегі жұмыс кезеңдерін орындау қажет:
– Бағыттауышты 28 шеткі шығыспен дайындамаға

қойыңыз. Резеңке жиегінің шеті дайындамаға
бағытталғанына көз жеткізіңіз.

– Дискілік араны алдымен орнатылған бағыттауыш

адаптеримен 27 бағыттауышқа 28 орнатыңыз.

– Қажетті кесік тереңдігі мен көлбеу бұрышын реттеңіз.

Түрлі көлбеу бұрыштарын орнату кезінде бағыттауыш
адаптеріндегі 27 белгілерді ескеріңіз, F суретін
қараңыз.

– Бағыттауыш адаптері көмегімен дискілік араны аралау

дискісі 21 тістерімен резеңке жиегінде жататын етіп

бағыттаңыз. Аралау дискісінің 21 күйі кесік бұрышына
байланысты. Бағыттауышқа араламаңыз.

– Құлақты бұранданы 7 тартып, бағыттауыш адаптерінің

күйін бекітіңіз.

– Дискілік араны алдымен орнатылған бағыттауыш

адаптерімен 27 бағаттауыштан 28 көтеріп шығарыңыз.

– Бағыттауышты 28 дайындамада резеңке жиегі қажетті

кесік шетіне нақты жататын етіп бағыттаңыз.

– Бағыттауышты 28 сәйкес қысу аспаптарымен

дайындамада бекітіңіз, мысалы, струбцинамен. Электр
құралын алдымен орнатылған бағыттауыш адаптерімен
27 бағыттауышқа орнатыңыз.

– Электр құралын қосып және кесу бағытында азғантай

қысыммен біркелкі жүргізіңіз.

Жалғау бөлшегінің 29 көмегімен екі бағыттауыш рейканы
жалғауға болады. Бекіту жалғау бөлшегінде орналасқан
төрт винт көмегімен жүзеге асырылады.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

Барлық жұмыстардан алдын электр құралының

желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен

желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.

Маятниктік қорғағыш қаптама әрқашан еркін қозғалуы
және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік
қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза
ұстаңыз. Қысылған ауамен үрлеу немесе қылшақ
көмегімен шаңды және жоңқаларды кетіріңіз.

Жабыны жоқ аралау дискілерін қышқылсыз мұнайдың
жұқа қабатымен жауып қорғауға болады. Аралау алдында
мұнайды кетіріңіз, өйткені кері жағдайда ағашта дақтар
пайда болады.

Жүздегі шайыр немесе желімнің қалдықтары кесу
сапасына әсер етеді. Сондықтан пайдаланудан кейін
аралау дискілерін тазалаңыз.

Жасап шығару және бақылау әдістерінің мұқияттылығына
қарамастан электр құрал жұмыс істемесе, Bosch электр
құралдарының өкілетті сервистік орталықтарының
біреуінде жөндеу өткізу керек.

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.

Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.

0

°

1-45

°

OBJ_BUCH-192-004.book Page 55 Thursday, April 11, 2013 11:18 AM

Advertising