Инструкция по эксплуатации Bosch PKS 40

Страница 50

Advertising
background image

50 | Қaзақша

1 609 92A 06F | (11.4.13)

Bosch Power Tools

Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде

тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз
күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ
бақылайсыз.

Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді

киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты
қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз.
Кең киім,
әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге
тиюі мүмкін.

Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды

құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс
пайдалынуына көз жеткізіңіз.
Шаңсорғышты
пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.

Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін

жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.

Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын

пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.

Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру

немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз.
Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.

Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар

қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.

Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы

бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз.
Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.

Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.

Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.

Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы

аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз.
Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.

Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және

арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.

Фрезерлік-кесу станогымен жұмыс кезіндегі
қауіпсіздік

ҚАУІПТІ: қолдармен аралау аймағын және аралау

дискісіне тимеңіз. Екінші қолмен қосымша
тұтқаларды немесе қозғалтқыш корпусын ұстаңыз.
Араны екі қолмен ұстасаңыз, қолдарыңыз
жарақатталмайды.

Дайындама астына тимеңіз. Өңделіп жатқан бөлшек

астындағы қорғағыш қақпақ аралау дискісінен
қорғамайды.

Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына

байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.

Аралап жатқан бөлшекті ешқашан қолда немесе аяқ

астында бекітпеңіз. Өңделетін бөлшекті тұрақты
негізге бекітіңіз.
Дененің тию, сыналану немесе
бақылауды жоғалту қаупін барынша азайту үшін
бөлшекті жақсы бекіту өте маңызды.

Кесетін құрал жасырын сымдарға немесе өзінің

желілік кабеліне тиюі мүмкін операцияларды
орындағанда электр құралды тек изоляцияланған
тұтқалардан ұстаңыз.
Кернеу бар сымға тию кернеуді
электр құралдың ашық металл бөліктеріне береді және
электр тогының соғуына әкеледі.

Бойлай кесу кезінде әрқашан шектегішті немесе тік

бағыттағышты пайдаланыңыз. Бұл кесу дәлдігін
жақсартады және аралау дискісінің тұрып қалу қаупін
азайтады.

Әрқашан дұрыс өлшемдері және сәйкес орнату

тесіктері бар аралау дискілерін пайдаланыңыз
(мысалы, жұлдыз түріндегі немесе дөңгелек).
Араның орнату бөлшектеріне сәйкес келмейтін аралау
дискілері эксцентрлі жұмыс істейді, бұл бақылауды
жоғалтуға әкеледі.

Ешқашан зақымдалған немесе дұрыс емес аралық

шайбаларды немесе болттарды пайдаланбаңыз.
Аралық шайбалар және болттар оңтайлы өнімділік және
сенімділік үшін араңыз үшін арнайы жасалған.

Кері соққы – Себептер және сәйкес қауіпсіздік

техникасы

– кері соққы бұл сыналанудың немесе дұрыс емес

орнатылған дискінің нәтижесінде пайда болатын кенет
реакция. Бұл бақыланбайтын араның көтеріліп, жұмыс
бөлшегінен операторға қарай қозғалуына әкеледі;

– қосылған аралау дискі тұрып қалса, сыналанса

немесе бұғатталса, мотордың күші араны операторға
қарай итереді;

– егер жүз араланған жерде айналып кетсе немесе

дұрыс емес орнатылса, артқы жиектің тістері
дайындаманың бетінде тұрып қалуы, нәтижесінде
аралау дискісі араланған жерден ығысуы және
оператор бағытында ыршуы мүмкін.
Кері соққы араны дұрыс емес немесе қате
пайдаланудың нәтижесі болып табылады. Мұны
төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын
қолдану арқылы болдырмауға болады.

OBJ_BUCH-192-004.book Page 50 Thursday, April 11, 2013 11:18 AM

Advertising