Пайдалану – Инструкция по эксплуатации Bosch PKS 40

Страница 54

Advertising
background image

54 | Қaзақша

1 609 92A 06F | (11.4.13)

Bosch Power Tools

– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін

шаңсорғышты пайдаланыңыз.

– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

ұсынылады.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Сыртқы сорғыш
Шаңсорғыш шлангын 30 (жабдық) жоңқаларды шығаруға
арналған келте құбырға 17 қосыңыз. Сорғыш шлангін 30
шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар). Осы нұсқаулықтар
соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.

Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Германияда ағаш шаңдарына TRGS 553 негізінде
тексерілген сорғыш аспаптар талап етіледі, жеке
сорғыштарды өндірісте пайдалануға болмайды. Басқа
материалдар үшін пайдаланушы арнайы қызмет көрсету
орталықтарынан сәйкес талаптарды сұрау қажет.

Шаң қабымен жеке сору
Кіші жұмыстарда шаң қабын (жабдықтар) қосуға болады.
Шаң қабының бекіткіштерін жоңқаларды шығаруға
арналған келте құбырға салыңыз 17. Шаң қабын өз
уақытта босатып, шаңсоруды оптималды ретте сақтайсыз.

Пайдалану

Пайдалану түрлері

Барлық жұмыстардан алдын электр құралының

желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

Аралау тереңдігін орнату (C суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына

байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.

Құлақты бұранданы 14 босатыңыз. Шағын аралау
тереңдігі үшін араны тірек тақтадан 13 ары тартыңыз,
үлкен тереңдік үшін араны тірек тақтаға 13 басыңыз.
Аралау тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді
орнатыңыз. Қалақты бұрғыны 14 берік бекітіңіз.

Бағыт бұрышын реттеу
Құлақты бұранданы 6 босатыңыз. Араны бұраңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласында 5 қажет мәнді орнатыңыз.
Құлақты бұрғыны 6 қайта берік бекітіңіз.
Ескертпе: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында 15 көрсетілген саннан азырақ.

Аралау бұрышының белгілері

0° аралау бұрышының белгісі (9) тік бұрышпен аралау
кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. 45° (8) аралау
бұрышының белгісі 45° ара полотносының күйін
көрсетеді.

Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.

Пайдалануға ендіру

Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты

электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.

Қосу/өшіру
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек

пайдаланарда қосыңыз.

Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 2 басып кейін қосқыш/өшіргішті 1 басып ұстап
тұрыңыз.

Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 1
жіберіңіз.

Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 1
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.

Пайдалану нұсқаулары

Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.

Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.

Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.

Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сондай-ақ, бойлай немесе көлденеңінен
аралауға байланысты.

Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.

Емен мен шамшат шаңы денсулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.

0

45

0

45

OBJ_BUCH-192-004.book Page 54 Thursday, April 11, 2013 11:18 AM

Advertising