Байланыстар, Əдіс: құрамдас бейне (жақсырақ сапа), Əдіс: құрамдас бейне (жақсы сапа) – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-C5550

Страница 225

Advertising
background image

24

Қазақша

Байланыстар

1-ƏДІС: Құрамдас бейне (ЖАҚСЫРАҚ САПА)

Теледидарда Component Video (Құрамдас бейне) кіріс ұялары бар болса, өнімнің артқы
жағындағы Component Video Output (Құрамдас бейненің шығысы) (Pr, Pb жəне Y) ұяларынан
Құрамдас бейненің кабелін (жинақпен бірге берілмейді) теледидардың Component Video Input
(Құрамдас бейненің кірісі) ұяларына жалғаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Көптеген ажыратымдылық параметрлерінің арасынан Blu-ray дискілері үшін диск түріне байланысты
1080i, 720p, 576p(480p) жəне 576i(480i) сияқты параметрлерді таңдауға болады. (31-бетті қараңыз)
Егер құрамдас жəне HDMI кабелінің екеуі де жалғанып тұрса, нақты ажыратымдылықтың Setup
(Реттеу) мəзіріндегі параметрден айырмашылығы болуы мүмкін. Ажыратымдылық дискіге
байланысты да басқа болуы ықтимал. (31-бетті қараңыз)
Бейне қосылымын орнатқаннан кейін, теледидардағы бейне кіріс көзін өнімнің тиісті бейне
шығысына (HDMI, компонентті немесе біріктірілген) сəйкес келетін етіп орнатыңыз.
Теледидардың бейне кірісінің көзін таңдау туралы қосымша ақпаратты теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығынан табуға болады.
Қашықтан басқару пульті теледидарды басқаратын етіп реттелген болса, қашықтан басқару пультіндегі
TV SOURCE түймесін басып, теледидардың сыртқы көзі ретінде COMPONENT параметрін таңдаңыз.
DVD дискісі ойнатылғанда, HDMI жəне Құрамдас сигналдары ұяларының екеуі де жалғанған
болып, Құрамдас 1080p, 1080i, 720p немесе 576p(480p) режимі таңдалған болса, Display Setup
(Дисплей параметрлерін реттеу) мəзірінде шығыс ажыратымдылығы ретінде 1080p, 1080i, 720p
немесе 576p(480p) көрсетіледі. Əдетте 576i(480i) ажыратымдылығы көрсетіледі.

2-ƏДІС: Құрамдас бейне (ЖАҚСЫ САПА)

Өнімнің артқы жағындағы VIDEO OUT ұясындағы бейне кабельді теледидардың VIDEO IN ұя

сына қосыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Реттеу мəзіріндегі таңдалған ажыратымдылыққа қарамастан VIDEO көзінен шығатын сигнал
əрқашан 576i(480i) ажыратымдылығымен беріледі. (31-бетті қараңыз)
Бейне қосылымын орнатқаннан кейін, теледидардағы бейне кіріс көзін өнімнің тиісті бейне
шығысына (HDMI, Құрамдас немесе Біріктірілген) сəйкес келетін етіп орнатыңыз.
Теледидардың бейне кірісінің көзін таңдау туралы қосымша ақпаратты теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығынан табуға болады.
Қашықтан басқару пульті теледидарды басқаратын етіп реттелген болса, қашықтан басқару
пультіндегі TV SOURCE түймесін басып, теледидардың сыртқы көзі ретінде VIDEO параметрін
таңдаңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ

Құралды VCR ұясы арқылы жалғауға болмайды. VCR ұялары арқылы берілетін бейне
сигналдарына авторлық құқық қорғау жүйелері əсер еткен болуы мүмкін, сондықтан
теледидар арқылы көрсетілетін бейне бұрмалануы мүмкін.

!

LAN

AUX IN

WIRELESS LAN

LAN

AUX IN

WIRELESS LAN

COMPONENT OUT

VIDEO OUT

Қызыл

Сары

1-ƏДІС

2-ƏДІС

Көк

Жасыл

Бейне сигналының шығыс ұясын теледидарға жалғау

HT-C5500_CIS_KAZ_0916.indd 24

HT-C5500_CIS_KAZ_0916.indd 24

2010-09-16 3:45:34

2010-09-16 3:45:34

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: