Жұмысты бастау, Диск пішімі – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-C5550

Страница 211

Advertising
background image

10

Қазақша

Жұмысты бастау

Audio CD

Бұл — дискретизация жиілігі 44,1 кГц
болатын ИКМ (импульстік кодты модуляция)
көмегімен дыбыс дискісі.
Бұл өнім CD-DA пішімінде жазылған CD-R
жəне CD-RW дискілерін ойнатады.
Жазылу жағдайларына байланысты, бұл өнім кейбір
CD-R немесе CD-RW дискілерін ойнатпауы мүмкін.

CD-R/-RW

700 МБ (80 минуттық) CD-R/-RW дискілерін
пайдаланыңыз. Мүмкін болса, 800 MБ (90
минуттық) немесе одан жоғары дискілерді
қолданбаңыз, себебі олар ойнатылмауы мүмкін.
Жабық сеанс ретінде жазылмаған болса, CD-R/-
RW дискісінің бастапқы бөлігін ойнатқан кезде
аздаған кешігулер болуы мүмкін немесе бүкіл
жазылған файлдар ойнатылмауы мүмкін.
Кейбір CD-R/-RW дискілер жазылған құрылғыға
байланысты осы өнімде ойнатылмауы мүмкін.
Жеке мақсатта қолданылатын CD-R/-RW дискіге
жазылған медиа файлдардың ойнатылуы дискіге
мен ондағы дерек түріне байланысты болады.

Диск пішімі

MP3 файлдары бар дискілерді пайдалану

UDF, ISO9660 немесе JOLIET пішімдерінде жазылған
CD-R/-RW, DVD-RW/-R дискілері ғана ойнатылады.
«.mp3» немесе «.MP3» кеңейтіміндегі MP3
файлдар ғана ойнатылады.
Биттің ойнатылу жылдамдығы: 56 Кбит/c - 320
Кбит/c аралығында.
Ойнатылатын дискретизация жиілігі: 32 – 48 кГц.
Өнімнің түпкі қалтасында ең көбі 1500 файл жəне
қалта сыяды. VBR (ауыспалы деректер ағымы)
көмегімен жазылған MP3 файлдарында дыбыс
үзіліп кете беруі мүмкін.

JPEG файлдары бар дискілерді пайдалану

UDF, ISO9660 немесе JOLIET пішімдерінде
жазылған CD-R/-RW, DVD-RW/-R дискілері
ғана ойнатылады.
«.jpg», «.JPG», «.jpeg» немесе «JPEG» кеңейтіміндегі
JPEG файлдары ғана көрсетіледі.
Прогрессивті JPEG файлдарына қолдау бар.

DVD-RW/-R (V)

Бұл — DVD-RW немесе DVD-R дискісіне
деректер жазуға арналған пішім.
Пішімделгеннен кейін осы дискіні бұл өнімде
ойнатуға болады.
Диск Бейне режимінде басқа өндірушінің
рекордері көмегімен жазылып, бірақ
пішімделмеген болса, бұл өнімде ойнатылмайды.


DivX(Digital Video Express)

DivX — Microsoft компаниясы ойлап тапқан жəне
нақты уақытта интернет арқылы дыбыс жəне бейне
деректерін қамтамасыз ету мақсатында MPEG4 қысу
технологиясы негізінде жасалған бейне файл пішімі.
Пайдаланушылардың фильмдерді DVD сапасына
жақын болатын бейне мен дыбыс арқылы көрулері
мақсатында MPEG4 пішімі бейне кодтауы, ал MP3
пішімі дыбыс кодтауына қолданылады.

Қолдауы бар пішімдер (DivX)

Бұл өнім тек мына мультимедиа пішімдерін қолдайды.
Бейне пішіміне де, дыбыс пішіміне де қолдау
көрсетілмесе, экранның кейбір жерлерінде бейне
жоғалуы немесе дыбыстың болмауы мүмкін.

Қолдау көрсетілетін бейне пішімдері

Пішім

Қолдау көрсетілетін нұсқалар

AVI

DivX3.11~DivX5.1, XviD

Қолдау көрсетілетін дыбыс пішімдері

Пішім

Бит жылдамдығы

Дискретизация жиілігі

MP3

80~384 Кбит/с

44,1 кГц

AC3

128~384 Кбит/с

44,1/48 кГц

DTS

1,5 Мбит/с

44,1 кГц

DTS пішімінде жасалған DivX файлдары, соның
ішінде дыбыс жəне бейне файлдары 6 Мбит/с
мəнінен аспайтын бит жылдамдығын ғана қолдайды.
Кадр пішімі: Əдепкі DivX ажыратымдылық
640x480 пиксел (4:3) болса да, бұл өнім 800x600
пиксел (16:9) ажыратымдылықты қолдайды. 800
пикселден жоғары болатын теледидар
экранының ажыратымдылықтарына қолдау жоқ.
Дискретизация жиілігі 48 кГц немесе 320 Кбит/с
мəндерінен жоғары болатын диск ойнатылғанда
экран тербелуі мүмкін.
«Qpel» жəне «gmc» пішімдеріне қолдау жоқ.

MKV, MP4

CD-R/-RW, DVD-R/-RW, USB, компьютер
дыбыстық ағыны
Келесі кеңейтімдегі бейне файлдар
ойнатылады: : .avi, .divx, .mkv, .mp4, .AVI, .
DIVX, .MKV, .MP4

ЕСКЕРТПЕ

Бейне ажыратымдылығы мен кадр жиілігі
жағдайына байланысты кейбір DivX, MKV жəне
MP4 пішіміндегі дискілер ойнатылмауы мүмкін.

HT-C5500_CIS_KAZ_0916.indd 10

HT-C5500_CIS_KAZ_0916.indd 10

2010-09-16 3:45:05

2010-09-16 3:45:05

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: