Кепілдік және қызмет көрсету – Инструкция по эксплуатации Samsung BF2D7G244
Страница 141
43
KK
Ақаулықты түзету және жиі қойылатын сұрақтарға жауап
Тұмшапеш қызбаса, не істеу керек?
Келесі амалдардың бірін қолданып, мәселені шешуге тырысып көріңіз:
●
Тұмшапеш қуат көзіне қосылмаған болуы мүмкін . Тұмшапешті қосыңыз .
●
Сағат орнатылмаған болуы мүмкін . Уақытты орнатыңыз (“Уақытты орнату” бөлімін
қараңыз) .
●
Қажетті параметрлердің барлығы орнатылды ма, тексеріңіз .
●
Үйдегі балқымалы сақтандырғыш жанып кетуі немесе автоматты айырып-қосқыш
іске қосылуы мүмкін . Автоматты айырып-қосқышты қосыңыз немесе балқымалы
сақтандырғышты ауыстырыңыз . Егер бұл жағдай қайталанса, білікті электр маманын
шақырыңыз .
●
Тұмшапештің қуаты өзі қуат алып тұрған электр жүйесіндегі кернеуге тура
байланысты . Үйіңіздегі электр қуатымен жабдықтау жүйесінің кернеуін жүктемесі бар
кезде тексеруді ұсынамыз . Тұмшапешті қуат көзіне қосқанда желідегі кернеу азаюы
мүмкін, бұл жағдай пәтеріңіздегі электр қуатымен жабдықтау жүйесінің осы тұмшапеш
пайдаланатын қуатты қарастырмағанына байланысты туындайды .
●
Кернеудің "азаюы" мәселесі туындағанда (егер қуатты электр құрылғылары қатар
жұмыс істесе), онда тұмшапешті электр қалқанына жеке қосу жағдайын қарастыруды
ұсынамыз . Бұндай қосылым 16 А аз емес токқа есептеліп, жеке айырып-қосқышпен
қорғалуы қажет .
Барлық іске қосылған электр құрылғылар пайдаланатын қуаттың жалпы қосындысы,
электр қалқаны көтере алатын қуат жүктемесіне сай екеніне көз жеткізіңіз .
Тұмшапештің функциясы мен температурасы орнатылып тұрса да, тұмшапеш
қызбаса не істеу керек?
Ішкі электр қосылымдарында ақау пайда болуы мүмкін . Жергілікті жердегі қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз .
Ақау коды пайда болып, тұмшапеш қызбаса не істеу керек?
Ішкі электр қосылымдарында ақау пайда болды . Жергілікті жердегі қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз .
Дисплейдегі уақыт жыпылықтап тұрса не істеу керек?
Электр қуатымен жабдықтау жүйесінде ақау пайда болды . Уақытты орнатыңыз
(“Уақытты орнату” бөлімін қараңыз) .
Тұмшапештің жарығы жұмыс істемесе не істеу керек?
Тұмшапештің жарықтама шамы жанып кеткен . Шамды ауыстырыңыз (“Жарықтама
шамын ауыстыру” бөлімін қараңыз) .
Тұмшапештің желдеткіш жұмыс істейтін режимі орнатылмаса да, желдеткіш
қосылып тұрса не істеу керек?
Тұмшапешті қолданғаннан кейін желдеткіш пеш суығанша жұмыс істейді . Тұмшапеш
суығаннан кейін де желдеткіш жұмыс істеуін жалғастырса, жергілікті жердегі қызмет
көрсету орталығына қоңырау шалыңыз .
Кепілдік және қызмет көрсету
NV70F55,NV66F55,BF2D Series_BWT_DG68-00382N-06_KK.indd 43
2014-07-11 11:22:45