Іске кірісу алдында (жалғасы) – Инструкция по эксплуатации Samsung BF2D7G244

Страница 122

Advertising
background image

24

KK

7. Автоматты мәзір бағдарламасы
Автоматты мәзір функциясын қолдануға қатысты ұсыныстар .
Кестеде әр түрлі тағамдарды әзірлеуге қатысты ұсыныстар, салмақ мәні, қажетті керек-

жарақтар, орналастыру деңгейі көрсетілген .
Автоматты мәзір бағдарламасына пицца даярлау бағдарламасынан басқа, тұмшапешті

қыздыру режимі кіреді .
Жұмыстың басында дисплейден қыздыру үшін қажет уақытты көресіз (5 мин .) Қыздыру

режимі аяқталғаннан кейін дыбыстық сигнал естіледі, содан кейін қажетті керек-

жарақтарды қолдана отырып, тағамды таңдалған деңгейге орналастырыңыз және

тұмшапештің жұмысын жалғастыру үшін «Пісіру уақыты» түймешігін басыңыз .

Тағам

Салмақ

Керек-

жарақтар

Деңгей

Тағам пісіруге қатысты ұсыныстар

1

Лазанья

1500г

Тор

2

Пісіру үшін 20х20х5 см өлшемді, шаршы пішімді

шыны қалыпты қолданыңыз . Тұздық әзірлеңіз:

20г сары майды ерітіп, 20г ұн қосып, 400г сүтті

бөліп-бөліп құйыңыз . Тазаланған пиязды тіліп,

оған лавр жапырағын, 2-3 түйір қалампыр

салыңыз . Пиязды тұздыққа салыңыз . Тұз

және бұрыш салыңыз . Пісіріңіз . Толтырмасын

жеке әзірлеңіз: текшелеп туралған 50г

сәбізді, текшелеп туралған 50г пиязды және

туралған 50г балдыркөк сабағын қуырыңыз .

500-600г тартылған етті бөліп-бөліп қосыңыз .

Қуырыңыз . Шырыны алынбаған 300г қызанақты

қосыңыз . Бұқтырыңыз . Дәм-татымына қарай

дәмдеуіштерді қосыңыз . Лазаньяға арнап

жеке 200г қамыр әзірлеңіз . Зәйтүн майы бар

қайнап тұрған тұзды суға қамыр жаймаларын

бір-бірден салыңыз және әрқайсысын “Аль

Денте” (тілген кезде шикі қамырдың жұқа

қабаты көрініп тұрады) қалпына дейін пісіріңіз .

Пиццаға арналған 200-300г моццарелланы,

эмментальды немесе басқа кез келген ірімшікті

үккіштен өткізіңіз . Пісіруге арналған қалыптың

түбін сүтті тұздықпен майлаңыз . Лазаньяға

арнап қамырдың 3-4 жаймасын салыңыз . Сүтті

тұздықпен майлаңыз . Толтырманың жартысын

салыңыз . Шамалы ірімшік себіңіз . Лазаньяға

арналған 3-4 қамыр жаймасымен жабыңыз .

Әрекетті қайталаңыз . Соңғы қабаты қамыр

жаймасы болуы қажет . Үстін тұздықпен көбірек

майлаңыз . Ірімшіктен жақсылап себіңіз . Пісіруге

арналған қалыпты тордың үстіне қойыңыз .

2

Шошқаның

сүйегі бар

төс еті

1000г

Тор, май-сөл

жинайтын

науа

3
2

Шошқаның етін сіңірі мен артық майынан

тазалаңыз . Өсімдік немесе зәйтүн майымен

майлаңыз . Тұздаңыз, бұрыш қосыңыз (чили,

паприка немесе басқа да дәмдеуіштерді

қолдануға болады) . Шошқаның етін сүйектерін

торға төмен қаратып орналастырыңыз .

3

Сиыр етінен

жасалған

стейк

1000г
(5 x 180-200г)

Тор, май-сөл

жинайтын

науа

3
2

Сиырдың кесек етінің сіңірін тазалаңыз және

180-200г етіп, ет талшықтарының бойымен

стейк түрінде тураңыз немесе дайын қалпы

сатып алыңыз . Өсімдік немесе зәйтүн

майымен майлаңыз . Тұздап, диірменде

ұнтақталған қара бұрыштан себіңіз .

Стейктерді торға орналастырыңыз .

Іске кірісу алдында (жалғасы)

NV70F55,NV66F55,BF2D Series_BWT_DG68-00382N-06_KK.indd 24

2014-07-11 11:22:35

Advertising