Тазалау және күтім көрсету (жалғасы) – Инструкция по эксплуатации Samsung BF2D7G244

Страница 138

Advertising
background image

40

KK

Тазалау және күтім көрсету (жалғасы)

Жылдам кептіру

1. Тұмшапеш есігін 30° бұрыш шамасында ашыңыз .
2. Желдету режимін таңдау үшін Пісіру функциясын таңдау түймешігін басыңыз .
3. Пісіру уақытын 5 минутқа және температураны 50°C градусқа қойыңыз .
4. Әрекет аяқталғаннан кейін тұмшапешті сөндіріңіз .

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Тұмшапешті тазалау үшін судың ағысын немесе жоғары қысымы бар буды пайдаланатын

құралдарды қолданбаңыз .

ЕСКЕРТУ

Тұмшапешті тазалау үшін жоғары қысымы бар сумен немесе будың ағысымен

тазалайтын құралдарды пайдаланбаңыз .

Тұмшапештің сыртқы беті

Тұмшапештің сыртқы және ішкі беттерін тазалау үшін шүберек пен жұмсақ тазалағыш

құралды немесе жылы сабынды суды қолданыңыз .

Ас үй сүлгісімен немесе ас үйге арналған қағазбен мұқият құрғатып тазалаңыз .

Жеміргіш немесе түрпілі тазалағыш құралдарды мен темір жөкені қолданбаңыз .

Тұмшапештің алдыңғы беті тот баспайтын болаттан жасалған

Үйкелегіш қағазды немесе түрпілі заттарды, темір жөкені пайдаланбаңыз . Себебі

қаптамасына зақым келтіруі мүмкін .

Тұмшапештің алдыңғы беті алюминийден жасалған

Беткі жағын әйнек тазалауға арналған жұмсақ жуғыш затқа батырылған,

микроталшықтан жасалған сулықпен немесе жұмсақ матамен мұқият сүртіңіз .

ЕСКЕРТУ

Тазалауға кіріспей тұрып тұмшапештің суығанына көз жеткізіңіз .

Тұмшапештің ішкі беті

Есіктердің тығыздағышын қолмен тазаламаңыз .

Тазалағыш жөкені немесе қатқыл тегістегіш жастықшаларды қолданбаңыз .

Тұмшапештің эмаль қаптамасына зақым келмеу үшін дүкенде сатылатын,

тұмшапешке арналған тазалағыш құралдарды пайдаланыңыз .

Қатып қалған қоқыстарды тазалау үшін тұмшапешке арналған, арнайы тазалағыш

құралды қолданыңыз .

Жинақтың құрамы

Әр қолданған сайын барлық ыдыстарды және керек-жарақтарды жуып, ас үй сүлгісімен

мұқият құрғатыңыз .

Тазалау жұмысын жеңілдету үшін оларды жылы сабынды сумен 30 минут жібітіп қоюға

болады .

NV70F55,NV66F55,BF2D Series_BWT_DG68-00382N-06_KK.indd 40

2014-07-11 11:22:45

Advertising