Каталитті эмальдан жасалған қаптама, Тазалау және күтім көрсету (жалғасы) – Инструкция по эксплуатации Samsung BF2D7G244

Страница 139

Advertising
background image

41

KK

Тазалау және күтім көрсету (жалғасы)

Каталитті эмальдан жасалған қаптама

Алмалы панель қара сұры түсті каталитті эмальмен қапталған, оған конвекция

режимінде ауаның ағысымен май жағылып, ластануы мүмкін . Бұл қоқыстар 200 °С және

одан жоғары температурада, мысалы пісіру немесе қуыру кезінде күйеді . Бұдан жоғары

температурада бұдан да жылдам күйеді .
Тұмшапешті және оның керек-жарақтарын қолданып болған сайын тазалау қажет . Себебі

кейін пісіру немесе қуыру кезінде бұл дақтар қатып күйіп, оларды тазалау қиынға соғады

немесе кей жағдайда тазалау мүлдем мүмкін болмайды .
Қолмен тазалау

Тазалау алдында тұмшапештің суық екеніне көз жеткізіңіз .

Каталитті эмаль қаптаманы ыстық суға жуғыш заттан құйып және жұмсақ нейлон

шөткені пайдаланып тазалау қажет .

Жеміргіш тазалайтын құралдарды, қатты шөткені, егеуқұм қағазды немесе матаны, болат

жөкені, пышақты немесе басқа жеміргіш материалдарды қолданбаңыз . Каталитті эмаль

қаптаманы тазалау үшін тұмшапешті тазалауға арналған спрейді қолданбаңыз, себебі

оның құрамындағы химикаттар каталитті эмальға зақым келтіруі және оның сынын түсіру

мүмкін .
Тұмшапештің ішкі беттерін тазалау үшін тұмшапешті тазалауға арналған спрейді

пайдалансаңыз, әуелі каталитті эмальдан жасалған панельді шешіп алыңыз .
Жоғары температураны қолданып тазалау

Каталитті эмаль қаптаманы жоғары температурамен тазалау алдында, тұмшапештің

ішкі беттерінің жоғарыда сипатталғандай тазаланғанына көз жеткізіңіз . Себебі жоғары

температура ішкі қабырғалардағы дақтарды күйдіріп, мүлдем кетпейтін етуі мүмкін .

Тұмшапешті қолмен тазалағаннан кейін әлі де қатты ластанып тұрса, жоғары

температураға дейін қыздырып май қалдықтарын тазалауға болады .
Бұл үдерісте дәмдеуіш, шәрбат және осы тәрізді басқа да заттардың дақтары кетпейтіні

есіңізде болсын . Оларды қолмен жуғыш зат құйылған ыстық сумен және жұмсақ шөткенің

көмегімен тазалау қажет .

Тұмшапештің барлық керек-жарақтарын алыңыз .

Тұмшапешті әдепкі режимге қойыңыз .

Температураны 250 °C градусқа қойыңыз .

Тұмшапешті шамамен 1 сағат қосыңыз . Уақыттың ұзақтығы тұмшапештің қаншалықты

ластанғанына байланысты .

Тұмшапешті өшіруді ұмытып кетпес үшін пісіруді аяқтау уақытын орнату функциясын

қолданып, циклдың аяқталатын уақытын орнатқан дұрыс болып табылады .
Қалған қоқыстардың барлығы тұмшапешті бұдан кейін жоғары температурада қолданған

сайын біртіндеп кетеді .

NV70F55,NV66F55,BF2D Series_BWT_DG68-00382N-06_KK.indd 41

2014-07-11 11:22:45

Advertising