Сақтық шаралары (жалғасы) – Инструкция по эксплуатации Samsung BF2D7G244

Страница 103

Advertising
background image

5

KK

Сақтық шаралары (жалғасы)

ЕСКЕРТУ

● Тасымалдау барысында пешке нұқсан келсе, оны желіге қоспаңыз .
● Құрылғыны электр желісіне тек уәкілетті электр маманы ғана қосуға тиіс .
● Құрылғыда ақау пайда болса немесе оған нұқсан келсе, іске қосуға әрекеттенбеңіз .
● Жөндеу жұмыстарын тек уәкілетті техник ғана орындауға тиіс . Жөндеу жұмысы

дұрыс орындалмаса, өзіңізге немесе басқаларға қатерлі болуы мүмкін . Егер пешіңізді

жөндеткіңіз келсе, SAMSUNG қызмет көрсету орталығына немесе дилеріңізге

хабарласыңыз .

● Электр сымдары мен кабельдерін пешке тигізбеу керек .
● Пешті электр желісіне қолдануға рұқсат етілген айырып-қосқыш немесе сақтандырғыш

арқылы жалғау керек . Көп бағытты адаптерді немесе ұзартқыш сымды ешқашан

қолданбаңыз .

● Құрылғыны жөндеу немесе тазалау қажет болса, міндетті түрді тоқ көзінен

ажыратыңыз .

● Пештің қасында орналасқан розеткаға электр құрылғыларын жалғаған кезде абай

болыңыз .

● Егер құрылғының бумен пісіретін функциясы бар болса, сумен жабдықтайтын

түтікшеге нұқсан келген жағдайда құрылғыны іске пайдаланбаңыз . (Бу функциясы бар

үлгіге ғана қатысты)

● Су құятын түтікшеге сызат түссе не сынса, оны қолданбаңыз, жақын қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз . (Бу функциясы бар үлгіге ғана қатысты)

● Бұл пеш тек үйде тағам пісіруге ғана арналып жасалған .
● Пеш іске қосылып тұрғанда, оның ішкі беті күйгізіп жіберерліктей ысып тұрады . Пештің

қыздырғыш элементтеріне немесе ішкі бетіне салқындағанша қол тигізуге болмайды .

● Пештің ішіне ешқашан тұтанғыш зат салып сақтауға болмайды .
● Құрылғы ұзақ уақыт жоғары температурада жұмыс істеген кезде, оның беті қызып

тұрады .

● Тағам пісіру барысында есікті абайлап ашыңыз, себебі ыстық ауа және бу кенет

шығып кетуі мүмкін .

● Құрамына алкоголь қосылған тағамды пісірген кезде, алкоголь жоғары температурада

буланып ұшып, егер пештің ыстық бөлшегіне тисе өрт шығуы мүмкін .

● Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін, жоғары қысымдағы су бүріккіш немесе бумен

тазалайтын құралдарды қолданбаңыз .

● Пеш іске қосылып тұрған кезде, балаларды қауіпсіз жерде алыс ұстау керек .
● Пицца тәрізді мұздатылған тағамды үлкен торға салып пісіру керек . Егер пісіру

науасын қолдансаңыз, температураның айырмашылығының тым көп болғандығына

байланысты деформацияланып қалуы мүмкін .

● Ыстық тұрған пештің табанына су құймаңыз . Себебі эмаль қаптама бүлінуі мүмкін .
● Тағам пісіру барысында пештің есігі жабық тұруға тиіс .
● Пештің табанын алюминий фольгамен қаптамаңыз және оған пісіру науасын немесе

қалбырын қоюға болмайды . Алюминий фольга қызудың шығуына бөгет жасап,

нәтижесінде эмаль қаптама бүлінуі және тағам дұрыс піспей қалуы мүмкін .

NV70F55,NV66F55,BF2D Series_BWT_DG68-00382N-06_KK.indd 5

2014-07-11 11:22:26

Advertising