Қызмет көрсету және күту, Құрылғыны өшіру, Құрылғыны тазалау – Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston CP98SEA /HA S

Страница 32: Пештің шамын ауыстыру

Advertising
background image

32

KZ

Қызмет көрсету және күту

Құрылғыны өшіру

Құрылғымен қандай бір қызмет көрсету жұмысынан бұрын оны электр

көзінен ажыратыңыз.

Құрылғыны тазалау

• Тот баспайтын болат немесе жылтыр сырлы сыртқы бөліктері және

резеңке тығыздауыштарын жылы сабын суға малынған губкамен

тазалауға болады. Қатты кірді кетіру үшін арнайы өнімдерді

пайдаланыңыз. Тазалағанннан кейін жақсылап шайыңыз және

кептіріңіз. Қыратын ұнтақтарды немесе коррозиялық құралдарды

пайдаланбаңыз.

• Плита торларын, конфорка қақпақтарын, от шашатын сақиналарды

және конфоркаларды тазалау оңай болуүшін алынуы тиіс; оларды

ыстық сумен және қырмайтын ұнтақ қосып жуыңыз, жақсылап

кептіруден бұрын барлық күйген қалдықтардың кетірілгеніне көз

жеткізіңіз.

• Жалын қатесі қауіпсіздік құрылғыларының* соңындағы бөлікті жиі

тазалаңыз.

• Пештің ішін әр пайдаланудан кейін әлі таза кезінде жақсылап тазалау

керек. Ыстық суды және жуғыш затты пайдаланыңыз, содан кейін

жақсылап шайыңыз және жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз. Абразивтік

өнімдерді пайдаланбаңыз.

• Пеш есігінің шыны бөлігін губканы және абразивтік емес тазалау

өнімін пайдаланып тазалаңыз, содан кейін жұмсақ шүберекпен

мұқият құрғатыңыз. Абразивтік материалды немесе үшкір металл

қырғыштарды пайдаланбаңыз, өйткені бұлар бетке сызат түсіруі және

шыныны сындыруы мүмкін.

• Қосалқы құралдарды күнделікті пайдаланатын ыдыстар сияқты жууға

болады, оларды тіпті ыдыс жуу машинасында жууға болады.

• Құрылғыны пеш салқын кезде ғана тазалаңыз.

• Тот баспайтын болаттан жасалған бөліктер және әсіресе экранда

басылатын таңбалар бар аумақтарды еріткіштермен немесе

абразивтік жуғыш заттармен тазаламау керек. Тек жылы суға

және жуғыш сұйықтыққа малынған ылғалды шүберекті пайдалану

ұсынылады. Кальций өте көп су немесе агрессивті жуғыш заттар

(фосфор қамтитын) ұзақ тиіп тұрса, тот баспайтын болатты дақ басуы

мүмкін.

Барлық беттерді тазалағаннан кейін әрдайым шайып, кептіру қажет.

! Құрылғыны ешқашанда бумен тазалайтын немесе қысыммен

тазалайтын құралмен тазаламаңыз.

Пештің тығыздауыштарын тексеру

Пештің айналасындағы есік тығыздауыштарын үнемі тексеріп тұрыңыз.

Егер тығыздауыштар зақымдалған болса, жақын жердегі өкілетті сатып

алғаннан кейінгі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Біз пешті

тығыздауыштары ауыстырылғанға дейін қолданбауды ұсынамыз.

Пештің шамын ауыстыру

1.Пешті электр желісінен

ажыратқаннан кейін, шамның

ұяшығын жауып тұрған әйнек

қақпақты алып тастаңыз (суретті

қараңыз).

2. Жарық шамын ағытып, оны бірдей

шаммен ауыстырыңыз: кернеуі - 230

В, қуаты 25 Вт, E 14 қақпағы.

3. Қақпақты орнына қойып, пешті

электр көзіне қайта қосыңыз.

! Пештің шамын қоршаған ортаны жарықтандыру үшін қолданбаңыз

Advertising