Сақтық шаралары және кеңестер, Жалпы қауіпсіздік, Лақтыру – Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston CP98SEA /HA S

Страница 31: Қоршаған ортаны құрметтеу және сақтау

Advertising
background image

KZ

31

Сақтық шаралары және кеңестер

! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай жобаланған

және жасалған. Қауіпсіздік себептерімен келесі ескертулер берілген және

оларды мұқият оқу керек.

Жалпы қауіпсіздік

1 сыныпты (оқшауланған) немесе 2 сынып - 1 ішкі сыныпты (2

шкаф арасына қойылады) құрылғымен бірге нұсқаулық кітапша

келеді.

Бұл нұсқаулар тек нұсқаулықта және сериялық нөмір

пластинкасында таңбалары көрсетілген елдер үшін ғана

жарамды.

• Құрылғы үйде тұрмыстық пайдалануға арналған және коммерциялық

немесе өндірістік пайдалануға арналмаған.

• Тіпті жабылған аумақтарда да құрылғыны сыртта орнатпау керек.

Құрылғыны жаңбыр және дауылдарда ашық қалдыру өте қауіпті.

• Құрылғыны жылжытқанда немесе орнатқанда әрқашан пештің

бүйірлерінде қамтамасыз етілген тұтқаларды пайдаланыңыз.

• Құрылғыға жалаң аяқ болғанда я болмаса ылғалды қолдармен және

аяқтармен тимеңіз.

Құрылғыны ересектер осы кітапшада берілге нұсқауларға сай

тек тамақ әзірлеу үшін пайдалануы керек. Құрылғыны кез келген

абсқа пайдалану (мысалы, бөлмені қыздыру үшін) дұрыс емес

пайдалану болып табылады және қауіпті. Өндіруші құрылғыны

дұрыс емес пайдалану нәтижесінде болған ешбір зақымға

жауапты болмайды.

Құрылғы пайдаланылып жатқанда пештің қыздыру элементтеріне

немесе белгілі бір бөліктеріне тимеңіз; бұл бөліктер қатты

қызады. Балаларды құрылғыдан аулақ ұстаңыз.

• Басқа қрұылғылардың қуатпен қамту кабельдері пештің ыстық

бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.

• Желдету және қызуды шығару тесіктерін ешқашан жаппау керек.

• Әрқашан пеш есігінің тұтқасын ортасынан ұстаңыз: соңындағы

бөліктер ыстық болуы мүмкін.

• Пешке ыдысты қойғанда немесе алғанда әрқашан пеш қолғабын

пайдаланыңыз.

• Пештің түбін жабу үшін алюминий фольганы пайдаланбаңыз.

• Пешке тұтанғыш материалдарды салмаңыз: егер құрылғы кездейсоқ

қосылса, материалдар жануы мүмкін.

• Құрылғы пайдаланылып жатпағанда әрқашан тұтқалар “●”/“

” күйінде

екенін тексеріңіз.

• Құрылғыны розеткадан ажыратқанда әрқашан ашаны тартыңыз,

кабельді тартпаңыз.

• Құрылғыны қуат көзінен ажыратпай тұрып ешбір тазалау немесе

қызмет көрсету жұмысын орындамаңыз.

• Ақаулықтар жағдайында ешқашан жөндеуді өзіңіз орындауға әрекет

жасамаңыз. Рұқсат етілген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз

(“Көмек” бөлімін қараңыз).

• Ашық пеш есігіне заттарды сүйкемеңіз.

• Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеңіз.

• Егер плита тірекке қойылса, плитаның тіректің өзінен сырғып түсуін

болдырмау үшін сақтық шараларын қолданыңыз.

• Құрылғыны дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері төмен адамдар

(соның ішінде, балалар), тәжірибесі жоқ адамдар немесе өніммен

таныс емес кез келген адам пайдаланбауы керек. Бұл адамдарды,

ең кемі, олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікті қабылдайтын адам

қадағалауы керек немесе олар құрылғыны пайдалануға қатысты

нұсқаулар алуы керек.

• Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеңіз.

Құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару

жүйесінің көмегімен басқаруға арналмаған.

Лақтыру

• Орау материалын лақтырғанда: орауышты қайта пайдаалну мүмкін

болуы үшін жергілікті заңнаманы сақтаңыз.

• Қоқыс электр және электрондық жабдық (WEEE) туралы 2012/19/

EC еуропалық директивасы ескі тұрмыстық құрылғыларды әдеттегі

сұрыпталмаған қалалық қоқысқа лақтырмауды талап етеді.

Құрамындағы материалдарды қалпына келтіруді және қайта өңдеуді

оңтайландыру және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерді

азайту үшін ескі құрылғыларды бөлек жинау керек. Өнімдегі сызылған

«дөңгелекті себет» таңбасы құрылғыны лақтырғанда бөлек жиналуы

керек екені туралы міндетіңіз туралы еске салады. Тұтынушылар ескі

құрылғысын дұрыс лақтыру туралы ақпарат алу үшін жергілікті билік

органына немесе сатушыға хабарласуы керек.

Қоршаған ортаны құрметтеу және сақтау

• Пештің алдын ала қызып кетуін болдырмаңыз және оны әрдайым

толтыруға тырысыңыз. Пештің есігін аздап ашыңыз, себебі есікті

ашқан сайын жылудың шығуына себеп болады. Электр энергиясын

бірталай үнемдеу үшін плитаны ас әзірлеу үрдісі аяқталғанға

дейін 5-10 минут бұрын өшіріңіз және пештің беріп тұрған жылуын

пайдаланыңыз.

• Автоматты бағдарламалар шамамен стандартты азық-түліктер үшін

пайдаланылуы тиіс.

• Энергия қуатын жоғалтуды болдырмау үшін тығыздағыш аралық

қабаттар таза болуы тиіс.

• Егер сізде электр энергиясы таймерлі тариф бойынша берілетін

болса, «кейінге қалдырылған дайындау» опциясы біршама арзан

уақыт аралығына ауысу арқылы ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі.

• Шойын пісіру беттерді ас дайындау үрдісі аяқталғанға дейін 10 минут

бұрын, ал әйнек пісіру беттерін дайындау үрдісі аяқталғанға дейін

5 минут бұрын өшіру арқылы ыстық плитаның қалған жылуының

максималды тиімділігін қамтамасыз.

• Құмыраның немесе кастрөлдің негізі пісіру бетін жауып тұруы тиіс.

Егер ол кішкентай болса, энергия қуаты көп жұмсалатын болады,

нәтижесінде ыдыстағы сұйықтық қайнап кетуі салдарынан пісіру

бетінде кетіруге қиын қалдықтар пайда болады.

• Азық-түлікті жабық құмыраларды немесе қақпағы тығыз жабылатын

кастрөлдерде сақтаңыз және суды аз қолданыңыз. Қақпақсыз

дайындаған жағдайда, энергия көп жұмсалатын болады.

• Түбі тегіс құмыралар мен кастрөлдерді пайдаланыңыз.

• Асты ұзақ уақыт бойы дайындаған жағдайда, екі есе жылдам

дайындайтын және үштен бір энергия қуатын үнемдейтін жылдам

қайнатқышты қолданыңыз.

! Бұл күту режимінде қуатты тұтынуды шектеу туралы соңғы еуропалық

директиваның талаптарына сай.

2 минут бойы ешбір әрекеттер орындалмаса, құрылғы күту режиміне

автоматты түрде ауысады.

Күту режимі жарықтығы жоғары «Сағат белгішесі» арқылы көрсетіледі.

Машинамен өзара әрекеттесу жалғасқанда жүйенің жұмыс режимі

қалпына келеді.

Advertising