8_ қауіпсіздік туралы ақпарат – Инструкция по эксплуатации Samsung CP1395ESTR

Страница 152

Advertising
background image

8_ қауіпсіздік туралы ақпарат

Су немесе басқа сұйықтарды ысытқан кезде абай болыңыз.

- Пісіріп жатқанда немесе пісіріп болғаннан кейін араластырыңыз.

- Мойыны тар, сырғанақ сауыттарды қолданбаңыз.

- Сауытты қыздырып болғаннан кейін, кем дегенде 30 секунд өткеннен кейін алыңыз.

- Бұлай істемеген жағдайда, ыдыстың ішіндегісі кенет тасып, күйіп қалуыңыз мүмкін.
Тағам пісіріп жатқанда немесе пісіріп болғаннан кейін, тағамды немесе пештің ешбір бөлшегін ұстамаңыз.
- Ас үй қолғабын қолданыңыз, себебі қатты ыстық болса қолыңыз күйіп қалуы мүмкін.

- Егер керамика ыдыс немесе көп мақсатта пайдаланылатын кәстрөлді итерсеңіз, ішіндегісі төгіліп, күйіп

қалуыңыз мүмкін.

Беті шытынап кетсе, қуат тетігін бұрап құрылғыны сөндіріңіз.
- Бұл нұсқау орындалмаса, электр қатеріне ұрынып қалуыңыз мүмкін.
Пеш есігінің шынысына өткір затпен сызат түсірмеңіз.
- Бұл шыныға сызат түсіруі немесе сындыруы мүмкін.
Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе оның үстіне зат (мысалы, кір, пештің қақпағы, жанып тұрған шамшырақ,

тұтатылған темекі, ыдыс-аяқ, химиялық заттар, металл заттар т.с.с.) қоймаңыз.
- Киім тәрізді заттар есікке қыстырылып қалуы мүмкін.

- Бұның нәтижесінде электр қатері орын алып, өрт шығуы, құрылғыға нұқсан келуі немесе адам

жарақаттануы мүмкін.

Құрылғыны дымқыл қолмен іске қоспаңыз.
- Электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
Құрт-құмырысқаларды құртуға арналған бүріккіштерді пешке шашпаңыз.
- Бұндай заттар адам үшін ғана қауіпті емес, электр қатерін тудыруы, өрт шығаруы, құрылғыға нұқсан

келтіруі мүмкін.

Құрылғының есігіне немесе ішіне қатты күш немесе қысым түсірмеңіз.
- Құрылғы деформацияланып қалуы немесе адам электр қуатының қатерлі әсеріне ұшырауы мүмкін.

- Құрылғы есігіне асылып тұрсаңыз, құрылғы орнынан құлап, жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.

- Есік бұзылып қалса, құрылғыны іске қоспай, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны раковина немесе шыныдан жасалған осал заттардың үстіне қоймаңыз.
- Раковинаға немесе шыны затқа зақым келуі мүмкін.
Құрылғыны тек есігін жапқаннан кейін ғана іске қосыңыз.
- Егер тағамның қалдықтары тәрізді қоқыс жиналып ластанған құрылғыны іске қоссаңыз, құрылғыға ақау

келуі мүмкін.

Құрылғыдан жаңа ғана алынған тағамның орамын жазар кезде абай болыңыз.
- Тағам ыстық болса, оның орамын ашар кезде кенет ыстық бу шығып, күйіп қалуыңыз мүмкін.
Құрылғыны қорек сымынан тартып ағытпаңыз, әрқашан ашасынан мықтап ұстап, розеткадан тура шығарып

алыңыз.
- Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт және/не электр қатері орын алуы мүмкін.
Тағам пісіріп жатқанда немесе пісіруді аяқтай сала, бетіңізді, денеңізді құрылғыға жақындатпаңыз.
- Балалар құрылғыға жақындамас үшін байқап отырыңыз.

- Бұл нұсқау орындалмаса, қызуға күйіп қалуыңыз мүмкін.
Есікті ашқаннан кейін тағам немесе ауыр заттарды есіктің үстіне қоймаңыз.
- Тағам немесе қойылған зат құлап, күйіп немесе жарақат алуыңыз мүмкін.

CP1395ESTR_BWT_DE68-04033C_KK.indb 8

2011-07-04 8:47:56

Advertising