Қауіпсіздік туралы ақпарат _5 – Инструкция по эксплуатации Samsung CP1395ESTR

Страница 149

Advertising
background image

қауіпсіздік туралы ақпарат _5

Құрылғы іске қосылып тұрғанда қызып кетеді. Пештің ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол тиіп кетпес үшін

абай болу керек.
Қыздырғыш элементтерді жылжытқан кезде, пешпен бірге жеткізілетін қолғапты киіп, қыздырғыш

элементтерді жылжытуға арналған құралды пайдаланыңыз және жұмыс жасап болғаннан кейін құрылғы

температурасының қажетті деңгейге дейін төмендеген-төмендемегенін тексеріңіз (гриль немесе аралас

функцияны қолданғаннан кейін, кем дегенде 10 минут).
Байқаусызда күйіп қалмас үшін, тағамды пештен алар кезде ӘРҚАШАН пешке арналған қолғапты

қолданыңыз.
Пештің есігін ашқан кезде, одан кем дегенде шынтақтың ұзындығындай қашықтықта тұрыңыз.

Себебі : Пештен шыққан ыстық бу шарпып кетуі мүмкін.
Микротолқынды пеште сусындарды қыздырған кезде кенет тасып кетуі мүмкін, сондықтан да, сауытты

абайлап ұстау керек; Бұндай жағдайдың алдын алу үшін, ӘРҚАШАН пешті сөндіргеннен кейін, қыздырылған

тағамды температура теңгерімі орын алғанша кем дегенде 20 секунд пештің ішіне қоя тұрыңыз. Қажет

болса, қыздырып жатқанда және қыздырып болғаннан кейін де ӘРҚАШАН араластырыңыз. Бу шалып кетсе,

төмендегі әрекеттерді орындап, АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ көрсетіңіз:
- Бу шалып кеткен жерді кем дегенде 10 минут суық суға малыңыз.

- Таза, құрғақ дәкемен жабыңыз.

- Ешбір крем, май немесе лосьон жақпаңыз.

- Дәрігерге хабарласыңыз
Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші немесе өндірушінің уәкілетті агенті

немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.
Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
Жұмыртқаны микротолқынды пеште қабығын аршымай, бітеулей пісіруге болмайды, себебі олар

микротолқынмен қыздырып болғаннан кейін жарылып кетуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ : Баланы тамақтандыратын шөлмектің және балалар тағамы салынған қалбырлардың ішіндегісін

берер алдында араластыру немесе шайқау керек және күйіп қалмас үшін температурасын тексеру керек.
ЕСКЕРТУ : Балаларға пешті дұрыс қолданбағанда қатерлі жағдайлардың орын алатындығын түсіндіріп,

оларға тиісті нұсқаулар бергеннен кейін ғана микротолқынды пешті ешкімнің қадағалауынсыз пайдалануға

рұқсат етіңіз.
ЕСКЕРТУ : Құрылғыны аралас режимде пайдаланған кезде, қызу пайда болатындықтан балалар пешті тек

ересектердің қадағалауымен ғана пайдалануға тиіс.
Бұл құрылғыны кембағал, сезім не ойлау жүйесіне зақым келген немесе құрылғыны іске қосу тәжірибесі жоқ

адамдар, басқа адамның нұсқауы немесе қадағалауынсыз қолдануға тиіс емес.
ЕСКЕРТУ : Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қол жететін бөлшектері қызып тұруы мүмкін. Жас балалар күйіп

қалмас үшін оларды құрылғыдан алыс ұстаңыз.
ЕСКЕРТУ : Электр қатеріне түсіп қалмас үшін, құрылғы шамын ауыстырар кезде оны электр желісінен ағытып

алыңыз.

Ашаны дымқыл қолмен ұстамаңыз.
- Электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
Іске қосылып тұрған құрылғыны ашасынан тартып электр желісінен ағытуға болмайды.
- Ашаны қайта розеткаға сұққан кезде жарқыл пайда болып, электр қатері немесе өрт шығуы мүмкін.
Орам материалдарының барлығын баланың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі орам материалдары

балалар үшін қауіпті.
- Бала қалтаны басына киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.

CP1395ESTR_BWT_DE68-04033C_KK.indb 5

2011-07-04 8:47:56

Advertising