Пайдаланушы нұсқаулығын қолдану, Қауіпсіздік туралы ақпарат – Инструкция по эксплуатации Samsung CP1395ESTR

Страница 146

Advertising
background image

2_ пайдаланушы нұсқаулығын қолдану

пайдаланушы

нұсқаулығын қолдану

SAMSUNG микротолқынды пешін сатып алғаныңызға рахмет.

Пайдаланушы нұсқаулығында қауіпсіздікке қатысты маңызды нұсқаулар мен жаңадан сатып алған микротолқынды

пешіңізді қолдану, оған күтім көрсетуге қатысты маңызды ақпарат қамтылған.

Пешті қолданар алдында маңызды сақтық шараларын мұқият оқып шығып, келешекте қарап жүру үшін сақтап

қойыңыз.

Негізгі пісіру циклдерін түсіндіретін нұсқау, сізге қолайлы болу үшін осы кітапшаның алдыңғы мұқабасының
артында көрсетілген.

қауіпсіздік туралы ақпарат

• Құрылғыны іске қосардың алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да, келешекте қарап

жүру үшін құрылғыдан алыс емес сенімді жерге сақтап қойыңыз.

• Құрылғыны тек осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз. Бұл

құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ

не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға арналмаған. Олар осы

құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша

пайдалануға тиіс. Бұл пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген "Ескертулер" мен "Қауіпсіздік

нұсқауларында", орын алуы ықтимал жағдайлар мен оқиғалардың барлығы бірдей қамтылмаған.

Құрылғыны абайлап, сақтықпен орнатуға, күтім көрсетуге, іске қосуға өзіңіз міндеттісіз.

• Себебі төменде көрсетілген нұсқауларда құрылғының әр түрі қамтылғандықтан, сіздің

микротолқынды пешіңіздің техникалық сипаттамасы, осы нұсқаулықта көрсетілген құрылғылардан

сәл өзгеше болуы және ескерту белгілерінің барлығы бірдей сізге қатысты болмауы мүмкін.

Толғандырып жүрген мәселе немесе сұрағыңыз болса, жақын орналасқан жергілікті қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз немесе www.samsung.com веб-сайтынан ақпарат немесе

көмек алыңыз.

Қауіпсіздікке қатысты маңызды белгілер және сақтық шаралары.

Осы пайдаланушы нұсқаулығының мәтінінде келесі белгілер қолданылған:

ЕСКЕРТУ

Ауыр жарақат немесе өлімге әкелетін

қатерлі жағдайлар немесе қауіпті

әрекеттер.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Кішігірім жарақат немесе мүлікке зиян келтіретін

қатерлі жағдайлар

немесе қауіпті әрекеттер.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Микротолқынды пешті іске қосқан кезде, өрт, жарылыс шығу, электр

қатеріне ұрыну немесе адамды жарақаттайтын жағдайлар орын алмас

үшін төменде берілген негізгі қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.

CP1395ESTR_BWT_DE68-04033C_KK.indb 2

2011-07-04 8:47:55

Advertising