4_ қауіпсіздік туралы ақпарат – Инструкция по эксплуатации Samsung CP1395ESTR

Страница 148

Advertising
background image

4_ қауіпсіздік туралы ақпарат

Орнату бойынша ескерту белгілері

Бұл құрылғыны, оның ашасына қол жететін етіп орнату керек.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр тоғы таралып, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыны оның салмағын көтере алатын тегіс және қатты еденнің үстіне орнатыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, құрылғы дірілдеуі, одан шуыл шығуы және басқа да ақаулықтар орын алуы

мүмкін.

Құрылғыны орнатқан кезде құрылғы мен қабырға арасына тиісті орын қалдырыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, құрылғы қызып кетіп өрт шығуы мүмкін.
Пештің үстіңгі жағынан қалуға тиіс минимум қашықтықты сақтаңыз.

Электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қатаң ескерту белгілері

Құрылғының ашасы қосылатын ағытпалар мен контакттарын, шаң немесе су тәрізді басқа заттардан құрғақ

шүберекті қолданып мезгіл-мезгіл тазалап отырыңыз.
- Ашаны розеткадан суырып, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Ашаны розеткаға қорек сымы еденді бойлай жататын етіп дұрыс бағытта сұғыңыз.
- Егер ашаны розеткаға кері бағытта сұқсаңыз, қорек кабелінің ішіндегі сымдар бүлініп, нәтижесінде электр

қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз. Бүлінген ашаны, бүлінген қорек сымын немесе босап қалған розетканы

қолданбаңыз.
- Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Қорек сымын тартпаңыз, не қатты майыстырмаңыз.

Қорек сымын иіп немесе шиеленістірмеңіз.

Қорек сымын металл заттарға ілмектеп байламаңыз, ауыр затты қорек сымының үстіне қоймаңыз, қорек

сымын заттардың арасына қыстырмаңыз немесе қорек сымын құрылғының артына тықпаңыз.
- Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Ашаны розеткадан қорек сымынан тартып суырмаңыз.
- Ашаны розеткадан ашаның өзінен ұстап суырыңыз.

- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Құрылғы немесе қорек сымы бүлінген жағдайда, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ескерту белгілері

Құрылғы ұзақ уақыт қолданыста болмаса немесе найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде құрылғының

ашасын розеткадан суырыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Құрылғыны іске қосуға қатысты қатаң ескерту белгілері

Газ шығып кеткен кезде (мысалы, пропан, сұйылтылған газ т.с.с.) құрылғы ашасына қол тигізбей, бөлмені

дереу желдетіңіз. Құрылғыға немесе оның қорек сымына қол тигізбеңіз.
- Желдеткішті қолданбаңыз.

- Жарқыл шығып, жарылыс немесе өртке ұласуы мүмкін.
Тағам пісіріп тұрғанда немесе пісіріп болғаннан кейін, құрылғының есігі, қыздырғышы немесе кез келген басқа

бөлшегі денеге тиіп кетпес үшін абай болыңыз.
- Бұл нұсқау орындалмаса, күйіп қалуыңыз мүмкін.

ЕСКЕРТУ

ЕСКЕРТУ

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

CP1395ESTR_BWT_DE68-04033C_KK.indb 4

2011-07-04 8:47:56

Advertising