Кіржуғыш машинаның күтімі – Инструкция по эксплуатации haier HTD 1268

Страница 61

Advertising
background image

25

Кіржуғыш машинаның күтімі

Барабанда жағымсыз иістер мен көгерудің пайда

болуынан қашу үшін, әр кір жуудың соңында кір салатын

люктің есігін жартылай ашық қалдырыңыз.
Кіржуғыш машинаны тазалау және баптау кезінде

желі ашасын розеткадан суырып тастаңыз. Кіржуғыш

машинаның корпусын және пластик пен резеңкеден

жасалған бөлшектерін тазарту үшін жұмсақ мата мен

сұйық сабын ерітіндісін пайдаланыңыз. Органикалық

химиялық заттар мен тотықтырғыш еріткіштерді

пайдаланбаңыз.
Жуғыш заттарға арналған ыдысты сумен үнемі шайып

тұрыңыз, бұл жағымсыз иістерді болдырмауға көмектеседі.
Кіржуғыш машинаның мұқият күтімді қажет етпейтін, өзі

тазаланатын суды ағызу сорғысы бар. Алайда ұсақ заттар

(тиындар, түймелер және т.б. заттар) сорғының төменгі

бөлігінде орналасқан қорғаныс сүзгісін бітеп қалуы мүмкін.

Кіржуғыш машинаның желіден

суырылғанына көз жеткізіңіз.

Кіржуғыш машинаның төменгі алдыңғы панелін өзіңізге

абайлап тартып ашыңыз.
Сүзгі қақпағын сағат тілінің бағытына қарсы бұрап ашыңыз:

сорғыдан шамалы су ағуы мүмкін, бұл – қалыпты жағдай.
Сүзгінің ішін мұқият тазалаңыз, сүзгіні ішіне қайта салып,

алдыңғы төменгі панельге қайта орналастырыңыз.

Ескерту:
төменгі панель корпусқа берік бекітілген; ілінісін босату

үшін, алдымен, бұрағышты қолданыңыз, одан кейін екі

қолыңызбен ұстап, шешіп алыңыз.

Advertising