Кір жуу сатылары – Инструкция по эксплуатации haier HTD 1268

Страница 56

Advertising
background image

20

Кір жуу сатылары

Кіржуғыш машинаны құрғаннан кейін алғаш рет

пайдаланудан бұрын «Мақта» бағдарламасын орнатып,

жуғыш ұнтақпен кір жуудың, бірақ кір салмай, сынақ циклін

жүргізу ұсынылады.

Кір жуу сатылары

1. Кірді салу. Кір салуға арналған люктің есігін ашып,

оған кірді салыңыз. Есігін нық жабыңыз.

2. Жуғыш заттарды қосу. Жуғыш заттарға арналған

бункерді ашып, жуғыш заттар мен кондиционердің

қажетті мөлшерін сәйкес бөлімшелерге салыңыз,

бұдан соң бункердің қақпағын ақырын жабыңыз.

«Алдын ала жуу» бағдарламасы үшін жуғыш зат

1 және 3-бөлімшелерге салынуы тиіс, қалған

бағдарламалар үшін 3-бөлімшеге жуғыш зат

салмаңыз. Кірге арналған кондиционерді аса көп

пайдаланбаңыз, әйтпесе жасанды маталар бүлінуі

мүмкін.

3. Кір жуу бағдарламасын таңдау. Кір жуудың барынша

нәтижесін көру үшін, Кір жуу бағдарламаларын

таңдау жөніндегі нұсқаулықтың негізінде кір жуу

бағдарламасын таңдаңыз.

4. Қолмен жуу режиміндегі температураны белгілеу.

Сіз температураны тіпті алдын ала орнатылған

бағдарламаларда да Нұсқаулықта көрсетілген

шектерде өзгерте аласыз. Егер Сіз ыстық

суды пайдалануды қажет етпесеңіз, белгілеу

түймесін * позициясына қойыңыз. Егер судың

қажетті температурасы алдын ала орнатылған

температурадан өзгеше болса, оны температураны

белгілеу түймесінің көмегімен белгілеңіз.

5. Кір жууды таңдау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес кір

жуу бағдарламаларын таңдау тұтқасын сәйкес күйге

келтіріп, өзіңізге ыңғайлы бағдарламаны таңдаңыз.

6. Кір жууды қосу. Өзіңіз таңдаған кір жуу

бағдарламасын Бастау/Кідірту түймесін басу арқылы

іске қосыңыз.

7. Кір жуудың соңы. Кір жуу уақыты соңына жеткенде,

кіржуғыш машина жұмысты автоматты түрде

аяқтайды. Негізгі дисплейде “END” деген жазу

шығады.

Advertising