Кір жуу сатылары – Инструкция по эксплуатации haier HTD 1268

Страница 58

Advertising
background image

22

Кір жуу сатылары

Жуу кезеңдерін сипаттауға мысал ретінде «мақта»

режимін аламыз (басқа режимдер де осы сияқты).
1. Төгу түтігі мен су құятын түтікті жалғап, бағдарлама

таңдау құлағын қосу позициясына орнатып, ашаны

розеткаға қосыңыз.

2. Люк есігін ашып, жууға дайындалған мақта-матадан

тігілген кірді абайлап ішіне салыңыз.

3. Жуғыш заттарға арналған бункерді ашып, қажет

мөлшерде жуғыш заттарды салыңыз.

Кірді жұмсартуға қажетті кондиционер құйыңыз.

Ескерту: Кондиционер мөлшері осы бөлімнің «МАХ»

деңгейінен аспауы керек. Жуғыш заттарға арналған

бункерді жабыңыз.

Қатты кірлеген кірді алдын ала жуу қажет болған

жағдайда үшінші бөлімге қажетті мөлшерде жуғыш зат

қосыңыз.

4. Жуу температурасын, сығу жылдамдығын және

қосымша функцияларды таңдаңыз.

Қыздыру температурасын баптау қажет болған

жағдайда машина жұмысқа кіріскенге дейін

температура таңдау түймешігін басып, қыздырудың

қажетті температурасын белгілеңіз.

Белгіленген температура дисплейдің температураны

көрсететін зонасында көрінеді.

Сығу жылдамдығын баптау қажет болған жағдайда

машина жұмысқа кіріскенге дейін сығу жылдамдығын

таңдау түймешігін басып, сығудың қажетті жылдамдығын

белгілеңіз. Белгіленген жылдамдық дисплейдің сығу

жылдамдығын көрсететін зонасында көрінеді.
Сіз үнемді жуу режимінің түймешігі арқылы салынатын

кірдің мөлшерін өзіңіз таңдай аласыз, дисплейде L—I

таңбалары пайда болады. Осы түймешікті басып, 2

секунд ұстап тұрыңыз, Сіз кір салмағының кодтарын

таңдай аласыз, дисплейде белгіленген кір салмағы пайда

болады. Егер 5 секунд ішінде баптаулардың басқа

кодтары таңдалмаса, ағымдағы баптау бекітіледі.
Қажет болған жағдайда кептіру режимінің түймешігін

басыңыз, дисплейде кептіру режимінің пиктограммасы

пайда болады.
Қажет болған жағдайда қосымша шаю режимінің

түймешігін басыңыз, дисплейде пиктограмма пайда

болады.
Қажет болған жағдайда алдын ала жуу режимінің

түймешігін басыңыз, дисплейде пиктограмма пайда

болады.

Advertising