Басқару панелі – Инструкция по эксплуатации haier HTD 1268

Страница 49

Advertising
background image

13

Басқару панелі

G.

Қосымша шаю режимінің түймешігі

Осы түймешікті басқанда дисплейде «қосымша шаю»

пиктограммасы пайда болады.
Абайлап жуу режиміне өтпес бұрын машина автоматты

түрде тағы бір шаю циклін қосады. Қосымша жуу

пиктограммасы қосымша шаю режимі аяқталғанша

жыпылықтап жанып тұрады.

Н.

Алдын ала жуу режимінің түймешігі

Қатты кірлеген кірді жуу үшін жуғыш заттарға арналған

бункердің үшінші бөлімі пайдаланылады. Жуу

бағдарламасы басталмай тұрып, осы түймешікті басыңыз.

Дисплейде алдын ала жуу пиктограммасы пайда болады.

Алдын ала жуу режиміне өтетін сәтте алдын ала жуу

пиктограммасы жыпылықтайды да, су жуғыш заттарға

арналған бункердің үшінші бөліміне құйылады. Алдын ала

жуу аяқталғаннан кейін пиктограмма өшеді.

I.

Таймер режимінің түймешігі

Осы түймешік көмегімен жууды белгісіз уақытқа кейінге

қалдыра аласыз. Кідіріс уақыты, әдепкіде, 9 сағатты

құрайды. Түймешікті басқан сайын бастапқы мәнге 30

минуттан қосылып отырады. Егер осы түймешікті басуды

жалғастырсаңыз, кідіріс уақыты 0-ден 24 дейін артады.
Түймешік көмегімен жуу бағдарламасының басталуын

кідіртуге қажетті сағат мөлшерін белгілесеңіз, «таймер»

пиктограммасы жанады. Бастауды кідірту уақыты

белгіленгеннен кейін, уақыт санауын бастау үшін

«Бастау/Кідіріс» түймешігін (D түймешігі) басыңыз,

жуудың аяқталуына дейін қалған уақыт негізгі дисплейде

бейнеленіп тұрады.

J.

Ақпараттық дисплей

Қалған жуу уақыты, температура, жылдамдық, қосымша

функциялар мен ескертулер жөніндегі ақпарат дисплейде

бейнеленеді.

Advertising