Кір жуу сатылары – Инструкция по эксплуатации haier HTD 1268

Страница 59

Advertising
background image

23

Кір жуу сатылары

Егер жуу уақытын алдын ала кейінге қалдыру қажет

болса, «Таймер» режимінің түймешігін басыңыз,

дисплейде алдын ала кейінге қалдырылған уақыт

шығады: «9:00». «Таймер» режимінің түймешігіне

басқан сайын кейінге қалдыру уақыты 30 минутқа

артып отырады. (0-24 сағат). Егер жуудың аяқталу

уақыты 4 сағатқа белгіленген болса, «4:00» пайда

болады. Жоғарыда белгіленген уақытқа сәйкес

«1:34» кейін жуу режимі іске қосылып, 2 сағат 26

минутқа созылады және 4 сағаттан кейін аяқталады.

5. «Бастау/Кідіріс» режимінің түймешігін басып,

машинаны жуу режиміне қосыңыз, дисплейде қалған

уақыт көрсетіледі (қалған уақыттың ортасында қос

нүкте жыпылықтап тұрады), сонымен қатар сәйкес

индикатор ағымдағы қыздыру температурасын

көрсетіп тұрады. 30 секундттан кейін құлып

пиктограммасы көрінеді, бұл – люк есігінің бұғатталуын

және жуудың басталғандығын білдіреді.

6. Кептіру барысында құлып пиктограммасы жоғалады,

люк есігі бұғаттан шығады, оны кез келген уақытта аша

беруге болады. Температура 55° С не одан жоғары

болғанда, тұтынушы люк есігін кездейсоқ ашып,

күйіп қалмауы үшін люк есігі қайтадан бұғатталады.

Барабандағы температура 55° С-тан төмен болғанда,

люк есігі бұғаттан шығады.

7. Жуу процесі аяқталғанда дисплейде «End» деген жазу

шығады және қысқа дыбыстық ескерту ойнайды, бұдан

кейін құлып пиктограммасы жоғалады, бұл – жуудың

аяқталғандығын білдіреді. Осы уақытта бағдарлама

таңдау құлағын өшіру күйіне бұрып, есікті ашып, кірді

шығарып, су беруді тоқтатып, розеткадан ашаны

суыруыңызға болады. Жуу процесі аяқталды.

Ескерту: жуудың кейбір кезеңдерінде жылдамдықты,

температураны және қосымша функцияларды қайта

белгілеуге болады.
Ескертулер:

Жуу бағдарламасы басталғаннан кейін бағдарлама

таңдау құлағын бұрамаған дұрыс, бұл – жуу процесіне

кері әсер етеді.
Құйылып жатқан судың температурасына, қыздыру

температурасына және басқа да факторларға

байланысты дисплейде көрсетілген қалған уақыт өзгеруі

мүмкін. Жуу процесінің кейбір кезеңдерінде қалған

уақыттың өзгеруі (артуы не азаюы) қалыпты болып

саналады.

Advertising