Кір жуу сатылары – Инструкция по эксплуатации haier HTD 1268

Страница 57

Advertising
background image

21

Кір жуу сатылары

Кептіру

1. Кірді кептіруге болатын-болмайтынын матасының түрі

бойынша анықтауға болады.

2. Кептіру процесінің алдында сумен жабдықтайтын

шүмектің қосулы екеніне және одан суық су ағып

тұрғанына көз жеткізіңіз.

3. Кептіру процесін бастамас бұрын, сығылған кірді

барабаннан шығарып, қыртысып жайып, барабанға

қайта салыңыз.

4. Кептіру тиімді болу үшін, кірді сыққаннан кейін

кептіріңіз.

5. Егер бір уақытта шамадан тыс көп кірді кептірсе,

кептірудің тиімділігі азаяды; оған қоса кірде терең

қыртыстар қалып қояды.

6. Ірі заттарды кептірер болсаңыз, барабанға екеуден

артық салмаңыз.

Келесі кестеде түрлі матадан тігілген әр түрлі кірлерді

кептіру уақыттары көрсетілген. Кептіру бағдарламасын

кір салмағы мен Сізге қажетті құрғақтық деңгейіне

байланысты таңдаңыз; кептіру процесі аяқталғанда

жуудың толық бағдарламасы да автоматты түрде бітеді.
Ескерту:
егер кір салмағы белгіленген мөлшерден артық болса

немесе барабанға типтері әр түрлі кір салынса, кептіру

процесі ұзағырақ уақыт алады (қалған уақыт өзгеріссіз

қалады). Егер кір жеткілікті дәрежеде құрғақ болмаса,

қайталап кептіру үшін сығу режимін қосуыңызға болады.

Салмағы

Кептіру бағдарламасын белгілеу

Қалған уақыт (мин.)

Құрғақтық дәрежелері

0—1

Кептіру

60

Толық құрғақтық

1—2

120

2—3

150

0—3

Үтіктеу

60

Толық құрғақтық немесе үтіктеуге дайын

0—3

Дезинфекция

30

Құрғақ кірді дезинфекциялау бағдарламасы

Advertising