Басқа функциялар – Инструкция по эксплуатации haier HTD 1268

Страница 60

Advertising
background image

24

Басқа функциялар

1. Электр қуаты өшкен жағдайдағы жад: Егер кіржуғыш

машина жұмысының барысында кенеттен электр қуаты

өшіп қалса, кіржуғыш машина ағымдағы жуу процесін

есте сақтап, электр қуаты берілгеннен кейін қайта

жалғастырады.

2. Кіржуғыш машина алдыңғы жуудың белгіленген

бағдарламасын есте сақтай алады, яғни ол

пайдаланушының баптауларын жадына сақтайды.

Жаңа жуу процесін бастау үшін, Сіз “Бастау/Кідіріс”

режимінің түймешігін басасыз немесе жаңадан

бағдарлама белгілейсіз.

3. Жуу басталғаннан кейін бір уақытта «Таймер»

режимінің түймешігі мен «Бастау/Кідіріс» режимінің

түймешігін басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз, сонда

басқару түймешіктерін бұғаттау функциясы іске

қосылады. Бұдан кейін Сіз кез келген түймешікті

басқан сайын немесе құлақты бұраған кезде кіржуғыш

машина дыбыстық ескерту жасап тұрады. Тағы да бір

уақытта “Таймер” режимінің түймешігі мен «Бастау/

Кідіріс» режимінің түймешігін басып, 3 секунд ұстап

тұрсаңыз, басқару түймешіктерін бұғаттау функциясы

жойылады.

4. Жуу барысында бағдарламаларды болдырмауға, ал

басқа бағдарламалар мен функцияларды таңдауға

(басқару түймешіктерін бұғаттау функциясын өшірген

жағдайда) болады.

A. Бағдарлама таңдау құлағын өшіру күйіне қойғанда

кіржуғыш машина автоматты түрде тоқтайды; тұтқаны

бұрып, қайтадан жуу режимін таңдаңыз.

B. Жуу барысында қосымша функциялар таңдау үшін

«Бастау/Кідіріс» түймешігін басыңыз. Функцияларды

таңдаған соң, қайтадан «Бастау/Кідіріс» түймешігін

басыңыз.

Ескерту:
түрлі бағдарламаларға оларға сәйкес функциялар келеді,

бағдарламаларды белгілеу жөніндегі нұсқауға назар

салыңыз.
5. Жуудың толық процесі аяқталғаннан кейін, машина

дыбыстық сигнал береді, бұл Сізге жуудың

аяқталғанын ескертеді. Люк есігін ашып, таза кірді

шығарыңыз.

Advertising