Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар – Инструкция по эксплуатации haier HTD 1268

Страница 44

Advertising
background image

8

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

1. Кіржуғыш машинаны пайдалану жөніндегі осы

нұсқаулармен мұқият танысыңыз және оларды

келешектегі қолданыс үшін сақтап қойыңыз.

2. Су және электр жабдықтауына қосуды тек білікті

мамандар орындау керек.

3. Машинаны тек пайдалану жөніндегі нұсқауларға

сәйкес қолдануға болады. Кіржуғыш машинаны құрғақ

тазалауға, химиялық тазалауға немесе осы сияқты кез

келген мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.

4. Тек автоматты кіржуғыш машиналарға арналған

жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.

5. Машинаны пайдаланудың алдында тасымалдауға

арналған тіреуіштерін алып тастаңыз.

6. Айрықша қауіпсіздік шараларының сақталуын талап

ететін жөндеуді және қызмет көрсетуді тек білікті

мамандар орындау керек.

7. Розеткадан қуат сымын суырғанда желілік бауды

емес, штепсельдік ашаны ұстаңыз.

8. Машинаны дымқыл қолмен ұстамаңыз және жалаңаяқ

күйде қолданбаңыз.

9. Кіржуғыш машинаның кір салуға арналған люгы

кір жуу бағдарламасын орындау барысында ысып

кетуі мүмкін, сондықтан жуу кезінде люкке тимеңіз.

Машинаны пайдалану барысында балалардың оған

жақындауына жол бермеңіз.

10. Кіржуғыш машинаға техникалық қызмет көрсету

немесе тазалау барасында машинаны «Қосу/өшіру»

түймесі арқылы өшіріп, желілік сымның ашасын

розеткадан суырып тастаңыз.

11. Судың біркелкі емес қысымына қатысты ықтимал

ақауларға жол бермеу үшін, алғаш рет пайдаланудың

алдында су құю түтігі, шүмек және төгу түтігінің

жалғанған жерлерін тексеріңіз. Егер жалғанған жерлер

тығыз болмай не ағып жатса, су берілуін тоқтатып,

ақауды жойыңыз. Кіржуғыш машинаны түтіктері

жөнделгенге дейін пайдаланбаңыз.

12. Кір жуу барысында машинаның жуғыш заттарға

арналған ыдысын ашпаңыз. Төгіліп жатқан суға

жоламаңыз, оның температурасы өте жоғары болуы

мүмкін.

13. Люкті күштеп ашпаңыз. Егер су деңгейі люктің мөлдір

терезесіне жетіп тұрса, люкті ашпаңыз.

14. Бұл кіржуғыш машина кәсіби емес, тұрмыстық

қолдануға арнап жасақталған және оны басқа

мақсаттарда пайдалануға болмайды.

Advertising