Ақпараттық дисплей – Инструкция по эксплуатации haier HTD 1268

Страница 52

Advertising
background image



Ақпараттық дисплей

4. Температура (С): жуу режимі басталғанда дисплейде

ағымдағы температура деңгейі жыпылықтап тұрады, ал

белгіленген температура деңгейіне жеткеннен кейін тұрақты

жанып тұрады.
5. Қызу температурасының индикаторы: режим

басталғанша индикатор тұрақты жанып тұрады, ал қызу

барысында мән температура деңгейіне байланысты

өзгереді.
6. Жуылатын кір салмағының индикаторы және

көрсетуі индикатор тұрақты жанып тұрады, ал ағымдағы

салмақ көрсетуі жыпылықтап тұрады; жуу режимі

басталғаннан кейін ағымдағы салмақ мәні мен оған сәйкес

индикатор тұрақты жанып тұрады.
7. «Таймер» режимінің пиктограммасы: «Таймер»

түймешігін басқаннан кейін немесе бастауды кідірту

уақытын баптағанда жанады. Бастағаннан кейін «Таймер»

режимінің пиктограммасы дисплейде көрінеді және жуу

режимі басталған соң өшеді.
8. Алдын ала жуу режимінің пиктограммасы: алдын

ала жуу режимін таңдағанда пиктограмма көрінеді және

сол режим аяқталғанша дисплейде жыпылықтап жанып

тұрады.

9. Қосымша шаю режимінің пиктограммасы:

қосымша шаю режимін таңдағанда пиктограмма көрінеді

және сол режим аяқталғанша дисплейде жыпылықтап

жанып тұрады.
Қосымша шаю режимін жуу басталғанға дейін немесе жуу

шаю кезеңіне өтердің алдында «Бастау/Кідіріс» режимінің

түймешігін басу арқылы орнатуға болады.
10. Кептіру режимінің пиктограммасы: кептіру режимінің

түймешігін таңдағанда пиктограмма көрінеді және сол

режим аяқталғанша дисплейде жыпылықтап жанып

тұрады. Кептіру режимін жуу басталғанға дейін немесе

жуу барысында орнатуға болады, ол үшін «Бастау/

Кідіріс» түймешігін басу арқылы жуу бағдарламасының

орындалуын тоқтатып, кептіру режимін қосып, одан кейін

жуу бағдарламасы жалғасуы үшін қайтадан «Бастау/

Кідіріс» түймешігін басу керек.
11. Люк есігі құлпының пиктограммасы: люк есігі

жуу кезінде бұғаттаулы болғанда дисплейде бейнеленіп

тұрады. Люк есігі пиктограмма өшкеннен кейін ғана

ашылады. Есік машина жұмысқа кіріскенде бұғатталады.
12. Ескерту пиктограммасы: режимнің орындалуында

қате орын алғанда ғана дисплейде қате кодымен бірге

бейнеленеді.

Advertising