Инструкция по эксплуатации Zanussi ZOB442

Страница 4

Advertising
background image

• Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін

ғана пайдаланыңыз. Бұл адам
жарақаттанып, мүлікке зиян келудің
алдын алу үшін қажет.

• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат

сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.

• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне

тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне
қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу
қаупі бар.

• Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші

ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-
жарақтары мен кəстрөлдерді алып-
салған кезде қолғап киіңіз.

• Пештің эмаль қаптамасын бүлдіріп

алмас алмас үшін оның керек-
жарақтарын салып, не алып жатқан
кезде абай болыңыз.

• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін,

əрқашан құрылғыдан алыс тұрып
ашыңыз. Ыстық бу шығуы мүмкін. Теріні
күйдіріп алу қаупі бар.

• Эмаль қаптаманың түсінің кетуі

құрылғының жұмысына еш əсер етпейді,
сондықтан да бұл кепілдік заңы
бойынша қарастырылатын жағдай емес.

• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп

немесе өңі кетпес үшін:
– Құрылғының табанына ешбір затты

тура қоймаңыз жəне оны алюминий
фольгамен жаппаңыз.

– Ыстық суды құрылғының ішіне тура

қоймаңыз.

– Тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл

ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.

• Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса

пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен
іске қоспаңыз.

• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш

салмаңыз.

• Тағамды пісіргенде, тіпті гриль жасаған

кезде де құрылғы есігін əрқашан жауып
отыру қажет.

Күту менен тазалау

• Құрылғыны жөндердің алдында сөндіріп,

электр желісінен ағытыңыз.

• Жөндердің алдында құрылғының салқын

тұрғандығына көз жеткізіңіз. Күйіп қалу
қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.

• Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз.

Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.

• Құрылғыны мерзімді түрде тазаласаңыз,

оның бетінің сапасы түспейді.

• Өте сұйық қоспадан жасалған торттарды

пісірген кезде, жеміс шырыны кетпейтін
дақ қалдырмас үшін терең пісіру
науаларын қолданыңыз.

• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жəне

мүлікке зиян келтірмеу үшін, құрылғыны
тек су мен сабынды қолданып
тазалаңыз. Тұтанғыш заттар немесе тот
бастыратын заттарды қолданбаңыз.

• Құрылғыны бу құрылғылары, жоғары

қысыммен тазалайтын құралдар, өткір,
түрпілі тазалағыш заттар, түрпілі жөке
жəне дақ кетіргіштермен тазаламаңыз

• Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны

өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.

• Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе

металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті
сынып, жарылып кетуі мүмкін.

• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан

келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру керек.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.

• Құрылғының есігін алған кезде абай

болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!

• Каталитті эмальды тазаламаңыз (егер

бар болса).

4

Advertising