Инструкция по эксплуатации Zanussi ZOB442

Страница 3

Advertising
background image

• Құрылғы қолданылатын елдегі заң

күшіне ие заңдар, қаулылар, ережелер
мен стандарттарды (қауіпсіздік
нұсқаулары, қалдықтарды қайта өңдеу
бойынша ережелер, электр не газ
қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) мұқият
орындаңыз.

• Құрылғыны орнатардың алдында,

ашасының розеткадан ағытылып
тұрғанын тексеріңіз.

• Құрылғыны жылжытқан кезде абай

болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан
тартпаңыз.

• Электр жүйесі құрылғыны кез келген

полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабдықталуға
тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.

• Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар

болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.

• Электр қатерінен сақтандыратын

құралдарды, инструмент көмегінсіз
алынбайтын етіп бекітіңіз.

• Құрылғының кейбір бөлшектерінде

кернеу болуы мүмкін. Құрылғыны
қаптамаға кіргізіп, ешбір бос орын
қалмағанына көз жеткізіңіз. Бұл
құрылғының қауіпті бөлшектеріне
кездейсоқ қол тиігізіп, электр қатеріне
ұшырамау үшін қажет.

• Құрылғы орнатылатын қаптама

өлшемінің құрылғыға сай келетінін, оны
орнатпай тұрып тексеріңіз.

• Құрылғының үсті мен жан-жағын

қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.

• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,

заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.

• Құрылғының арт жағы мен бір жақ

жанын, биігірек құрылғыға жанастырып
орнатыңыз. Керісінше екінші жағын,
биіктігі бірдей жиһазға қатарластыра
орнату қажет.

• Бұл құрылғыны тағанның үстіне орнатуға

болмайды.

Электр қосылымы

• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу

қажет.

• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы

электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз.

• Кернеу туралы ақпарат техникалық

ақпарат тақтайшасында көрсетілген.

• Əрқашан дұрыс орнатылған, электр

қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.

• Электр құрылғыларын розеткаларға

қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.

• Көп істікшелі ашаларды,

жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі
бар.

• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе

өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.

• Құрылғының арт жағындағы электр

ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.

• Орнатып болғаннан кейін электр

розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Құрылғыны ажырату үшін қорек

сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан (егер болса) тартып
ажыратыңыз.

Қолданылуы

• Бұл тек үйде қолдануға арналған

құрылғы. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз.

3

Advertising