Ұрлықтан қорғау бойынша нұсқаулық, Ұрлықтан қорғау бойынша, Нұсқаулық – Инструкция по эксплуатации LG X Cam LGK580DS

Страница 371

Advertising
background image

Қосымша

120

Ұрлықтан қорғау бойынша

нұсқаулық

Құрылғыңыз рұқсатсыз зауыттық параметрлеріне қайтарылған

жағдайда, оның басқа адамдардың тарапынан қолданылуын

болдырмау үшін құрылғыңыздың параметрлерін орнатыңыз.

Мысалы, құрылғыңыз жоғалса, ұрланса немесе жойылса,

құрылғыны сіздің Google тіркелгіңіз немесе экранды құлыптау

ақпараты бар адам ғана пайдалана алады.
Құрылғыңыздың қорғалғанына көз жеткізу үшін қажет талаптар:

Экран құлпын орнату: Егер құрылғыңыз жоғалса немесе ұрланса,

бірақ оған экран құлпы орнатылса, құрылғыңыздың экраны

құлыптан босатылмайынша оны “Параметрлер” мәзірі арқылы

тазалау мүмкін емес.

Құрылғыңызға Google тіркелгісін қосу: Егер құрылғыңыз жойылса,

бірақ құрылғыңызда Google тіркелгісі болса, Google тіркелгісі

тіралы ақпаратты қайта енгізбейінше құрылғы орнату процесін

аяқтай алмайды.

Құрылғыңыз қорғалғаннан кейін зауаттық параметрлерді қайта

орнату қажет болған жағдайда экранды құлыптан босатуыңыз

немесе Google тіркелгісінің құпиясөзін енгізуіңіз қажет. Ол сіздің

немесе сіз сенім білдіретін әлдекімнің қалпына келтіру процесін

орындауын қамтамасыз етеді.

Зауыттық қалпына келтіру алдында құрылғыға қосқан Google

тіркелгісі мен құпия сөзін ұмытпаңыз. Реттеу кезінде тіркелгі

ақпаратын бере алмасаңыз, зауыттық қалпына келтіру әрекетін

орындағаннан кейін құрылғыны мүлдем пайдалана алмайтын

боласыңыз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: