Радио жиілігі қуатының әсері, Өнімге күтім және техникалық қызмет көрсету – Инструкция по эксплуатации LG X Cam LGK580DS

Страница 257

Advertising
background image

6

Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар

Радио жиілігі қуатының әсері

Радиотолқын әсері және меншікті сіңіру коэффициенті (МСК) туралы ақпарат.
Бұл LG-K580ds қалта телефон үлгісі радиотолқын әсеріне қатысты қауіпсіздік

талаптарына сәйкес жасалған. Бұл талаптар жасы мен денсаулық жағдайына

қарамастан, барлық пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін,

қауіпсіздік шегін қамтитын ғылыми нұсқауларға негізделген.

Радиотолқын әсері нұсқаулары үшін меншікті сіңіру коэффициенті (МСК)

деп аталатын шама бірлігі қолданылады. МСК сынақтары стандартты

әдістер бойынша барлық пайдаланыстағы жиілік жолақтарындағы ең

жоғарғы рұқсат етілген қуат деңгейінде телефоннан сигнал жіберу арқылы

жүргізіледі.

Әртүрлі LG телефон үлгілерінің МСК деңгейлері арасында

айырмашылықтар болса да, олардың барлығы радиотолқындар әсері

бойынша керекті нұсқауларға сәйкес келетін етіп жобаланған.

Иондамайтын сәулеленуден қорғаудың халықаралық комиссиясы (ИСҚХК)

ұсынған SAR шектеуінің орташа мәні – 10 г-нан астам ұлпада 2 Вт/кг.

Осы телефон үлгісінің сыналған ең жоғары МСК мәні құлақтың жанында

— 0,562 Вт/кг (10 г), ал денеде тасып жүргенде — 1,340 Вт/кг (10 г).

Бұл құрылғы қалыпты күйде құлақтың жанында пайдаланғанда немесе

киімнен кем дегенде 5 мм қашықтықта орналасқанда ЖҚ әсері бойынша

керекті нұсқауларға сәйкес келеді. Қапты белдік немесе ұстағыш ретінде

денеде ілгенде, оның құрамында металл болмау керек және өнімді

киімнен кемінде 5 мм қашықтықта ұстау керек. Деректер файлдарын

немесе хабарларды тасымалдау үшін, бұл құрылғы сапалы желі

байланысын қажет етеді. Кейбір жағдайларда, деректер файлдарын

немесе хабарларды тасымалдау осындай байланыс қол жетімді

болмайынша кешігуі мүмкін. Тасымалдау аяқталмайынша, жоғарыда

айтылған ара қашықтық туралы нұсқаулықтары орындалатынын

тексеріңіз.

Өнімге күтім және техникалық қызмет көрсету

Әрдайым осы телефон үлгісі үшін түпнұсқалы LG батареяларын,

зарядтағышын және қосымша құралдарын пайдаланыңыз. Басқа түрлерін

пайдалану телефон мақұлдауын немесе кепілдігін жарамсыз етуі және

қауіпті болуы мүмкін.

Кейбір мазмұндар мен суреттер құрылғыдан алдын ала ескертусіз

басқаша болуы мүмкін.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: