Құлыптау экранының параметрлері – Инструкция по эксплуатации LG X Cam LGK580DS

Страница 295

Advertising
background image

Негізгі функциялар

44

Экран құлпын үлгі арқылы орнату үшін, алдымен Google тіркелгісін

немесе резервтік PIN кодын жасаңыз. Егер үлгіні қатарынан

бірнеше рет дұрыс енгізбесеңіз, экранды резервтік PIN кодын

немесе Google тіркелгісін пайдаланып құлыптан босатуға болады.

Егер экран құлпы PIN кодын немесе құпия сөзді пайдалану арқылы

орнатылса және PIN коды немесе құпия сөз бірнеше рет қате

енгізілсе, онда құпия сөзді енгізу опциясы 30 секундқа блокталады.

Құлыптау экранының параметрлері

Құлып экранының төмендегі параметрлерін реттеуге болады.

1

Баптаулар Дисплей Экранды құлыптау белгішесін түртіңіз.

2

Параметрлерді реттеу:

Экран құлпын таңдау: Экранды құлыптау әдісін таңдаңыз.

Smart Lock: Олардың әлдебірі орын алған жағдайда,

құрылғы автоматты түрде құлыптан босатылуы үшін, сенімді

элементтерді таңдаңыз.

Экран әсері: Экранның өту әсерлерін экран құлыптаулы

болғанда қолдану үшін орнатыңыз. Бұл опция экранды құлыптау

әдісі Жүргізіп өту тәсіліне орнатылғанда пайда болады.

Тұсқағаз: Құлыптау экранының фондық кескінін өзгертіңіз.

Сілтемелер: Қолданбаның таңбашасын қосып, оған құлыптау

экранында тікелей қатынасу үшін, қолданбаны үлкен шеңбердің

сыртына жылжытыңыз. Бұл опция экранды құлыптау әдісі

Жүргізіп өту тәсіліне орнатылған жағдайда пайда болады.

Телефон жоғалған жағдайдағы байланысу ақпараты:

Құлыптау экранында төтенше жағдайда байланысатын

контакті туралы ақпаратты көрсетеді.

Құлыптау таймері: Құрылғы автоматты түрде құлыпталатын

бос жұмыс уақытын орнату.

Қуат түймесі дереу құлыптайды: Қуат/құлып пернесі

басылғанда, экранды бірден құлыптайды.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: