Скриншоттар жасау, Таңбаша арқылы, Түсіру+ арқылы – Инструкция по эксплуатации LG X Cam LGK580DS

Страница 299

Advertising
background image

Негізгі функциялар

48

Жад картасын шифрлау үшін экран құлпы PIN коды немесе құпия

сөз арқылы орнатылғанын тексеріңіз.

Жад картасын шифрлау процесі басталғаннан кейін, кейбір

функциялар қолжетімсіз болады.

Шифрлау барысында құрылғыны өшірсеңіз, шифрлау процесі

орындалмайды және кейбір деректер зақымдалуы мүмкін.

Сондықтан шифрлауды бастамас бұрын батарея зарядының

деңгейі жеткілікті екенін тексеріңіз.

Шифрланған файлдарға шифрлау орындалған құрылғыдан ғана

қатынасуға болады.

Шифрланған жад картасын LG компаниясының басқа

құрылғысында пайдалануға болмайды. Шифрланған жад картасын

басқа ұялы құрылғыда пайдалану үшін картаны баптандырыңыз.

Жад картасы құрылғы ішіне салынған болмаса да жад картасының

шифрлануын іске қосуға болады. Шифрлау процесінен кейін

орнатылған кез келген жад картасы автоматты түрде шифрланады.

Скриншоттар жасау

Көріп жатқан ағымдағы экранның скриншоттарын алуға болады.

Таңбаша арқылы

Қуат/құлып пернесін және дыбыс деңгейін азайту (-) пернесін бір

уақытта кемінде екі секундтай басып тұрыңыз.

Скриншоттарды

Screenshots ішіндегі Галерея қалтасынан

көруге болады.

Түсіру+ арқылы

Скриншот жасағыңыз келетін экранда, күй жолағын төмен қарай

жылжытып,

Түсіру+ опциясын түртіңіз.

Экран өшірулі немесе құлыптаулы болғанда,

Түсіру+ опциясына

дыбыс деңгейін көтеру (+) пернесін екі рет басу арқылы қатынасуға

болады. Алдымен

Баптаулар Баптаулартармағын түртіңіз,

содан кейін

Жылдам перне опциясын іске қосыңыз.

Толық мәліметтерді

Скриншотта жазбалар жазу

бөлімінен қараңыз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: