Экран құлпы, Экранды құлыптау опциясына шолу, Экран құлпының параметрлерін конфигурациялау – Инструкция по эксплуатации LG X Cam LGK580DS

Страница 294

Advertising
background image

Негізгі функциялар

43

Экран құлпы

Экранды құлыптау опциясына шолу

Қуат/құлып пернесін бассаңыз, құрылғы экраны өзі өшіп,

құлыптанады. Сондай-ақ, осындай жағдай құрылғы белгілі бір уақыт

аралығында тұрып қалғаннан кейін болады.
Қуат/құлып пернесін экран құлпы орнатылмаған кезде бассаңыз,

басты экран дереу пайда болады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және құрылғыңызды ешкім

рұқсатсыз ақтармау үшін, экран құлпын орнатыңыз.

Экранды құлыптау құрылғы экранына қажетсіз сенсорлы енгізудің

алдын алады және батарея қуатының жұмсалуын азайтады.

Құрылғыны пайдаланбаған кезде экран құлпын іске қосу ұсынылады.

Экран құлпының параметрлерін

конфигурациялау

Экран құлпының параметрлерін конфигурациялау үшін бірнеше

опция қолжетімді.

1

Баптаулар Дисплей Экранды құлыптау Экран

құлпын таңдау тармағын түртіп, қалаған әдісті таңдаңыз.

2

Құлыптау параметрлерін реттеу:

Жоқ: Экран құлпы функциясын ажырату.

Жүргізу: Экранды құлыптан босату үшін, экранды сырғытып

өтіңіз.

Knock Code: Экранды құлыптан босату үшін, экрандағы бос

орындарды үлгі бойынша түртіңіз.

Графикалық үлгі: Экранды құлыптан босату үшін, үлгіні

сызыңыз.

PIN: Экранды құлыптан босату үшін, сандық құпиясөзді енгізіңіз.

Кілтсөз: Экранды құлыптан босату үшін, әріптер мен

сандардан тұратын құпиясөзді енгізіңіз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: