Қазақша, Осы пайдаланушы нұсқаулығы туралы ақпарат – Инструкция по эксплуатации LG X Cam LGK580DS

Страница 252

Advertising
background image

1

Осы пайдаланушы нұсқаулығы

туралы ақпарат

Осы LG өнімін таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Қауіпсіз және

дұрыс қолдану үшін, құрылғыны алғаш пайдалану алдында осы

пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқыңыз.

Әрқашан түпнұсқа LG керек-жарақтарын пайдаланыңыз.

Қамтамасыз етілген элементтер тек осы құрылғыға арналған

және басқа құрылғылармен үйлеспеуі мүмкін.

Бұл құрылғы сенсорлы пернетақтасының болуына байланысты

көру қабілеті нашар адамдарға арналмаған.

Сипаттамалар құрылғының әдепкі бойынша орнатылған

параметрлеріне негізделген.

Құрылғыдағы әдепкі қолданбалар жаңартылуы мүмкін және бұл

қолданбаларға қолдау көрсету үдерісі ескертусіз тоқтатылуы

мүмкін. Құрылғымен қамтамасыз етілген қолданба туралы қандай

да бір сұрақтарыңыз болса, LG қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз. Пайдаланушы орнатқан қолданбалар үшін тиісті

қызмет көрсету провайдеріне хабарласыңыз.

Құрылғының операциялық жүйесіне өзгерту енгізу немесе

бейресми көздерден бағдарламалық жасақтаманы орнату

құрылғыны зақымдауы және деректердің бүлінуіне немесе

жоғалуына әкелуі мүмкін. Мұндай әрекеттер LG лицензиялық

келісімшартын бұзады және кепілдік күшін жояды.

Аймақ, қызмет провайдері, бағдарламалық жасақтама нұсқасы

немесе ОЖ нұсқасына байланысты кейбір мазмұн мен суреттер

құрылғыдан өзгеше болуы және алдын ала ескертусіз өзгертілуі

мүмкін.

Құрылғымен қамтамасыз етілген бағдарламалық жасақтама,

дыбыс, түсқағаз, кескіндер мен басқа да мультимедиа

шектеулі мақсатта пайдалану үшін лицензияланған. Осы

материалдарды коммерциялық немесе басқа да мақсаттарды

шығарып, пайдалансаңыз авторлық құқықты қорғау заңдарын

бұзуыңыз мүмкін. Пайдаланушы ретінде мультимедианы заңсыз

пайдалануға қатысты жауаптқа тартыласыз.

ҚАЗАҚША

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: