Параметр. мәзірінің функцияларын пайдалану – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-F9750W

Страница 109

Advertising
background image

Қазақша

47

|

06

Желі Қызметтері

Параметр. мәзірінің функцияларын пайдалану

Құл-у/Құл. ашу

Құл-у/Құл. ашу функциясын және Қауіпсіздік PIN кодын
пайдаланып Бағдарламалар экранында да, Барлық жүк-
дер экранында да іске қосылмауы үшін бағдарламаларды
құлыптауға болады. Әдепкі PIN коды — 0000.

1.

Барлық жүк-дер экранында ▲► түймелерін
пайдаланып экранның жоғарғы жағындағы
Параметр. параметріне өтіңіз де, E түймесін
басыңыз.

2.

Құл-у/Құл. ашу параметрін таңдаңыз да, E
түймесін басыңыз.

3.

Құлыптау қызметі пайда болғанда қашықтан
басқару құралындағы сандық түймелерді
пайдаланып PIN кодын енгізіңіз.

4.

Бағдарламаны құлыптау үшін бағдарламаны
таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.
Бағдарламада құлып пайда болады. Басқа, жеке
бағдарламаларды құлыптау үшін қайталаңыз.

5.

Құлыпталған бағдарламаның құлпын ашу үшін
бағдарламаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

6.

Бүкіл бағдарламаларды бірден құлыптау үшін
▲► түймелерін пайдаланып Б-н құл-у түймесін
таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

7.

Бүкіл құлыпталған бағдарламалардың құлпын
бірден ашу үшін ▲► түймелерін пайдаланып Б-н
құл-н ашу түймесін таңдаңыз да, E түймесін
басыңыз.

8.

Бағдарламалар экранына оралу үшін RETURN
түймесін екі рет басыңыз. Құлыпталған
бағдарламалардың жоғарғы оң жағында құлып
көрсетіледі.

М-ң бағ-ды өңдеу

М-ң бағ-ды өңдеу параметрі Менің Apps бөліміне
бағдарламаларды қосуға және жоюға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ол бағдарламаның Менің Apps бөліміндегі
орнын өзгертуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаны Менің Apps бөліміне қосу

1.

Барлық жүк-дер экранында ▲► түймелерін
пайдаланып экранның жоғарғы жағындағы
Параметр. параметріне өтіңіз де, E түймесін
басыңыз.

2.

М-ң бағ-ды өңдеу параметрін таңдаңыз да, E
түймесін басыңыз. Бағдарламаларымды өңдеу
экраны пайда болады.

3.

Бағдарламалардың жоғарғы қатарынан толық түсті
бағдарламаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.
Толық түсті бағдарлама белгішесі төмендегі Менің
Apps аймағында пайда болады және жоғарғы
қатардағы бағдарлама белгішесі сұр болады.

| ЕСКЕРТПЕ |

\

Сұр бағдарламалар Менің Apps бөлімінде орналасқан.

4.

Бағдарламалар экранына оралғанда, бағдарлама
Менің Apps аймағында пайда болады.

Бағдарламаны Менің Apps бөлімінен жою

1.

Барлық жүк-дер экранында ▲► түймелерін
пайдаланып экранның жоғарғы жағындағы
Параметр. параметріне өтіңіз де, E түймесін
басыңыз.

2.

М-ң бағ-ды өңдеу параметрін таңдаңыз да, E
түймесін басыңыз. Бағдарламаларымды өңдеу
экраны пайда болады.

3.

Менің бағдарламаларым бөлімінен жою керек
бағдарламаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз,
одан кейін ▲▼◄► түймелерін бағытында басыңыз.
Менің бағдарламаларым бөлімінен жою
қалқымалы терезесі пайда болады.

4.

Иә жауабын таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

5.

Бағдарламалар экранына оралғанда, бағдарлама
Бағдарламаларым аймағынан жойылған болады.

Менің Apps бөлімінде бағдарламаны жылжыту

1.

Барлық жүк-дер экранында ▲► түймелерін
пайдаланып экранның жоғарғы жағындағы Параметр.
параметріне өтіңіз де, E түймесін басыңыз.

2.

М-ң бағ-ды өңдеу параметрін таңдаңыз да, E
түймесін басыңыз. Бағдарламаларымды өңдеу
экраны пайда болады.

3.

Менің Apps бөлімінде жылжыту керек
бағдарламаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз,
одан кейін ▲▼◄► түймелерін пайдаланып
бағдарлама белгішесін бағдарлама белгішесінің
айналасында пайда болатын көрсеткілердің (<, >, ^,
т.б.) біреуінің бағытында жылжытыңыз. Бағдарлама
белгішесі сіз таңдаған бағытта жылжиды.

4.

Бағдарлама белгішесін қажет жерге
орналастырғаннан кейін E түймесін басыңыз.

5.

Бағдарламалар экранына оралғанда, бағдарлама
сіз таңдаған орынға орналастырылады.

Қалта жасау

Қалта жасау параметрі Жүктелген экранында
бағдарламаларды орналастыруға болатын қалтаны
жасауға мүмкіндік береді.

1.

Барлық жүк-дер экранында ▲► түймелерін
пайдаланып экранның жоғарғы жағындағы
Параметр. параметріне өтіңіз де, E түймесін
басыңыз.

2.

Қалта жасау параметрін таңдаңыз да, E
түймесін басыңыз. Қалта атауын орнату
қалқымалы терезесі пайда болады.

3.

E түймесін басыңыз. Пернетақта пайда болады.

4.

Оң жақта Тазалау түймесін таңдаңыз да, E
түймесін басып 1-қалтаны енгізу өрісінен
жойыңыз. Одан кейін пернетақтаны пайдаланып
қалтаға қолдану керек атауды енгізіңіз.

5.

Аяқтағанда оң жақтағы Дайын түймесін таңдаңыз
да, E түймесін басыңыз. Қалқымалы терезе
қайта пайда болады.

6.

OK параметрін таңдаңыз да, E түймесін
басыңыз. Экранның сол жағындағы бағдарламалар
тізімінде жаңа қалта пайда болады.

HT-F9750W-RU_KAZ_0527.indd 47

HT-F9750W-RU_KAZ_0527.indd 47

2014-05-27 2:06:10

2014-05-27 2:06:10

Advertising