Желі қызметтері, Samsung есептік жазбасына кіру – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-F9750W

Страница 106

Advertising
background image

|

44

Қазақша

Желі Қызметтері

Өнімді желіге қосу арқылы ағынды бейне немесе
желілік бағдарламалар сияқты әр түрлі желілік
қызметтерді пайдалана аласыз.

Желі қызметтерін пайдалану үшін алдымен
төмендегіні орындауыңыз керек:

1.

Өнімді желіге қосыңыз.
(19-бетті қараңыз)

2.

Желілік параметрлерді реттеңіз.
(26-28 беттерді қараңыз)

Samsung есептік жазбасына кіру

Фильмдер мен ТД шоуларын немесе бағдарламаларын
ашу алдында Samsung есептік жазбасына кіруді
ұсынамыз.

Samsung есептік жазбасына кіру үшін мына
қадамдарды орындаңыз:

1.

Басты экран көрсетулі кезде ҚЫЗЫЛ (A) түймені
басыңыз. Кіру экраны пайда болады.

2.

Эл. пошта өрісін таңдаңыз да, E түймесін
басыңыз. Қалқымалы пернетақта пайда болады.

3.

Пернетақтаны пайдаланып электрондық пошта
мекенжайын енгізіңіз. Аяқтағанда Дайын түймесін
таңдаңыз да, E түймесін басыңыз. Кіру экраны
қайтадан пайда болады.

4.

Құпия сөз өрісін таңдаңыз да, E түймесін
басыңыз. Қалқымалы пернетақта пайда болады.

5.

Пернетақтаны пайдаланып құпия сөзді енгізіңіз.
Аяқтағанда Дайын түймесін таңдаңыз да, E
түймесін басыңыз. Кіру экраны қайтадан пайда
болады.

6.

Кіру процесін келесі ретте оңайырақ ету үшін
Мені автоматты тіркеу параметрін таңдаңыз да,
E түймесін басыңыз.

7.

Кіру параметрін таңдаңыз да, E түймесін
басыңыз. Өнім есептік жазбаға кіреді. Экранның
төменгі сол жағында есептік жазбаның
электрондық поштасы көрсетіледі.

| ЕСКЕРТПЕ |

\

Егер Мені автоматты тіркеу параметрін
таңдасаңыз, келесі кіргенде, өнім электрондық
пошта мен құпия сөзді автоматты түрде енгізеді. Бар
істеу керегі — Кіру параметрін таңдау.

\

Кіру экраны пайда болғанда электрондық пошта
мекенжайыңыз бен құпия сөзіңіз көрсетілмесе,
Эл. пошта өрісінің жанындағы төмен көрсеткі бар
түймені таңдаңыз да, E түймесін басыңыз. Бүкіл
тіркелген есептік жазбалардың ашылмалы тізімі
пайда болады. Есептік жазбаны таңдаңыз да, E
түймесін басыңыз. Өнім электрондық пошта және
құпия сөз өрістерін толтырады.

\

Кіргеннен кейін ҚЫЗЫЛ (A) түймені бассаңыз,
Менің ес. жазб. қалқымалы терезесі пайда болады.
Қалқымалы терезеде Жүй шығу, Есептік жазба туралы
ақпаратты өзгерту, Желі қыз-ң ес-к жазбалары,
Құрылғыдан есептік жазбаларды жою және Есептік
жазбаны өшіру параметрін таңдауға болады.

\

Фильмдерді жалға алу және ақылы бағдарламаларды
сатып алу үшін есептік жазбада несиелік карта
тіркелген болуы керек. Картаны тіркемеген болсаңыз,
Есептік жазба туралы ақпаратты өзгерту параметрін
таңдаңыз. Есептік жазба туралы ақпаратты өзгерту
бетінде Картаны тіркеу параметрін таңдаңыз да, E
түймесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Фильмдер мен шоулар немесе
Қолданбалар тармағын
пайдаланбас бұрын

Smart Hub қызметін реттемеген болсаңыз, Фильмдер
мен шоулар немесе Қолданбалар тармағын бірінші
рет пайдаланғанда, өнім Smart Hub қызметінің
параметрлерін орнатуды орындауды сұрайды.

1.

Басты экранда Фильмдер мен шоулар немесе
Қолданбалар тармағын таңдаңыз да, E
түймесін басыңыз. Егер Қолданбалар тармағын
таңдасаңыз, 4-қадамға өтіңіз.

2.

Егер Фильмдер мен шоулар тармағын
таңдасаңыз, Smart Hub қызметін реттеу керектігін
сұрайтын Smart Hub қалқымалы терезесі пайда
болады. Иә жауабын таңдаңыз да, E түймесін
басыңыз. Сәлемдесу экраны пайда болады.

3.

Бастау параметрін таңдаңыз да, E түймесін
басыңыз. Smart Hub шарттары мен талаптары,
құпиялылық саясаты экраны пайда болады.

4.

Smart Hub шарттары мен талаптары, құпиялылық
саясаты экранында Smart Hub қызметін пайдалану
үшін Smart Hub шарттары мен талаптарын да,
құпиялылық саясатын да қарап шығуыңыз және
келісуіңіз керек.

5.

Толық құжаттарды қарап шығу үшін төмен жылжыңыз
да, Мәліметтерді көру түймелерін басыңыз.

6.

Оқуды аяқтағанда бірінші енгізу өрісіне жоғары
жылжыңыз, сөйтіп шарттарға және құпиялылық
саясатына келісу үшін E түймесін басыңыз.

7.

► түймесін екі рет басып Қосымша құпиялылық
туралы ескертулер экранына өтіңіз.

8.

Бүкіл ескертуді көру үшін Мәліметтерді көру
түймесін басыңыз.

9.

Оқуды аяқтағанда, жоғарғы енгізу өрісіне жоғары
жылжыңыз да, E түймесін басыңыз.

| ЕСКЕРТПЕ |

\

Қосымша құпиялылық туралы ескертуге келісу
қажет емес, бірақ келіспесеңіз бір немесе бірнеше
Smart TV мүмкіндіктері немесе функциялары қол
жетімді болмауы мүмкін.

10.

► түймесін екі рет басыңыз. Параметрлерді орнату
аяқталды экраны пайда болады. E түймесін
басыңыз.

HT-F9750W-RU_KAZ_0527.indd 44

HT-F9750W-RU_KAZ_0527.indd 44

2014-05-27 2:05:59

2014-05-27 2:05:59

Advertising