Инструкция по эксплуатации Samsung WD1142XVR

Страница 97

Advertising
background image

Казақ - 9

01
ҚА
УІПСІЗДІК

ТУР
А

Л

Ы

АҚПАР

А

Т

Иіс май дүкендерінде сатылатын не массаж салондарында қолданылатын май, крем немесе

лосьон тəрізді заттар ластаған кірлерді жумаңыз.
- Себебі резеңке тығыздағыш деформацияланып, су ағып кетуге əкелуі мүмкін.

Түйреуіш немесе шаш түйреуіші тəрізді темір заттарды не ағартқышты ұзақ уақыт барабан ішінде

қалдырмаңыз.
- Барабанды тот басуы мүмкін.

- Егер барабанның бетінде тот пайда болса, оған шайғыш заттан (бейтарап) жағып, жөкемен

тазалаңыз. Ешқашан темір шөткені қолданбаңыз.

Құрғақ жуғыш затты ешқашан тура қолданбаңыз жəне құрғақ жуғыш зат тұрып қалған киімдерді

жумаңыз, шаймаңыз не айналдырмаңыз.
- Себебі майдың оксидтенуіне байланысты кенет жарылыс шығуы немесе тұтануы мүмкін.

Су салқындататын/қыздыратын құрылғылардың ыстық суын қолданбаңыз.
- Кір жуғыш машинада ақау пайда болуы мүмкін.

Кір жуғыш машинада табиғи қол сабынды қолданбаңыз.
- Егер батталып, кір жуғыш машина ішінде жиналып қалса, құрылғыда ақау пайда болуы, не

оның өңі кетуі, тот басуы не жағымсыз иіс шығуы мүмкін.

Төсек жайманы торға салып жумаңыз.
- Нəски, төс тартқыш тəрізді заттарды торға салып, басқа киімдерге қосып жуыңыз.

- Бұлай істемеген жағдайда, қалыптан тыс дірілдеу, адамның жарақаттануына себеп болуы

мүмкін.

Қатып қалған жуғыш затты қолданбаңыз.
- Егер кір жуғыш машина ішіне тұрып қалса, су ағып кетуі мүмкін.

Желдеткіш саңылаулары табанында орналасқан кір жуғыш машиналардың, табанындағы

желдеткіш саңылауларын, кілем не басқа заттар бөгеп тастамағанын тексеріңіз.

Жуылатын киімдердің барлығының қалталарының бос екеніне көз жеткізіңіз.
- Тиын, түйреуіш, тырнақ, бұранда немесе тас тəрізді қатты, өткір заттар құрылғыға аса қатты

зиян келтіруі мүмкін.

Үлкен қапсырмасы, түймесі бар немесе ауыр темір зат тағылған киімдерді жумаңыз.

Өндірістік химикаттармен тазаланған заттарды кептіргіш машинамен кептіруге болмайды.

Кептіргіш машинаның айналасына қыл-қыбыр жиналып қалмау керек.

Жуылмаған заттарды кептіргіш машинада кептірмеңіз.

Тағам пісіретін май, ацетон, спирт, бензин, дақ кетіргіш, скипидар, балауыз жəне балауыз

кетіргіштер жұққан киімдерді кептіргіш машинада кептірмес бұрын, ыстық суға салып, жуғыш затты

артық мөлшерде қосып жуу керек.

Көбікті резеңке (латекс көбігі), себезгі қалпақ, су өткізбейтін мата, резеңке астарлы заттар мен

киімдерді, көбікті резеңке толтырмасы бар жастықтарды кептіргіш машинада кептіруге болмайды.

Мата жұмсартқыштарды немесе соған ұқсас заттарды, мата жұмсартқыштың нұсқауларына сай

пайдалану керек.

Кептіргіш машинаның соңғы циклында заттардың температурасын заттар үшін қауіпсіз деңгейге

дейін жеткізу үшін қызу (салқындату циклы) бөлінбейді.

ЕСКЕРТУ: Кептіргіш машинаны ешқашан, егер заттарды тез алып, кептіру қызуын баспасаңыз,

кептіру циклы аяқталғанша тоқтатпаңыз.

Құрылғыны бекітілетін, сырғымалы есігі бар немесе топсасы кептіргіш машинаның қарсы жағында
орнатылған есігі бар жерге орнатпау керек.

YUKON-03073S-05_KZ.indd 9

YUKON-03073S-05_KZ.indd 9

2013-12-12

2:42:29

2013-12-12

2:42:29

Advertising